Жақында Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет және Рудный қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Сабыржан Есмурзин Тобыл қаласында болды.
Олар аудандық «Маңдай батыр» мешітінде жастармен кездесу өткізді. Онда қазіргі таңда қоғамдағы өзекті мәселе лудомания яғни құмар ойындарының тигізетін зардабы және оның алдын алу жөнінде уағыз-насихат айтты. Жүздесу қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.
Жиналған өскелең ұрпақ өкілдері дін қайраткерлерінің маңызды да мәнді әңгімелерін ұйып тыңдап, өздерінің алғыстарын білдірді.
Кездесу соңында аудандық мешіттің Бас имамы Дархан қажы Сыздықов әріптестеріне шын жүректен шыққан шынайы лебізін жеткізіп, мықты денсаулық, жауапты қызметтерінде табыс тіледі.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі