Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

07:41
09:21
13:37
15:55
17:43
19:23
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қостанай
    Намаз кестесі СМС арқылы
    Ақмола облысы
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе облысы
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы облысы
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау облысы
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Шығыс Қазақстан облысы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жамбыл облысы
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Қарағанды облысы
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Қостанай облысы
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Қызылорда облысы
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Маңғыстау облысы
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Солтүстік Қазақстан облысы
  • Петропавл
  • Павлодар облысы
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Оңтүстік Қазақстан облысы
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Батыс Қазақстан облысы
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
Қазақстанның діни интерактивті картасы
сә1
бе2
жұ3
се4
же5
дү6
се7
сә8
бе9
жұ10
се11
же12
дү13
се14
сә15
бе16
жұ17
се18
же19
дү20
се21
сә22
бе23
жұ24
се25
же26
дү27
се28
сә29
бе30
  • Григорияндық
  • Хиджри
Бүгін 24 қараша 2017 ж. – 6 Раби-уль-авваль 1439 ж. - ربـيع الأول‎ ) Күнтізбе

Ғибратнама>Мінез-құлық

Сөйлеу әдебі

«ақыл-ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз»
Ж. Баласағұн

Ойдың тілі – сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойларымызды сыртқа білдіре аламыз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөз – адам санасының басты белгісі. Сөз өнері ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Аз сөйлеу иманнан, көп сөз екі жүзділіктен» деп білдірген.

Тіл – үлкен нығмет. Ол адамды жақсылық пен жамандыққа және жұмақ пен жаһаннамға да жетелеуі әбден мүмкін. Көлемі кіші, зардабы үлкен. Адамның иманды немесе имансыз болуы ауыздан шығатын сөздеріне байланысты. Ауыздан шыққан сөз я шындық, я өтірік. Басқа мүшелердің өрісі, ауқымдылығы шектеулі. Құлақ тек естиді, көз тек қана көреді. Ал тілдің өрісі өте кең.

Хикметке ие ғалым-ғұламалардың айтқан сөздері:

Бір адамның жаһил (надан) екендігінің белгілері мыналар: Жанды-жансыз барлық нәрсеге ашуланады. Сыр сақтай алмайды. Ақшасын орынды жарата алмайды. Бәріне сене береді. Досын дұшпанынан ажырата алмайды. Жаман адамдармен достық құрады.

Үндемеу хикмет, жақсы қасиет. Тілдің үндемеуі, көңілдің үндемеуіне, ал көңілдің үндемеуі Раббысының кешіріміне себеп болады. Адамның амандығы тілін қорғауында. Қалам да екінші тіл деген сөз.

Тіл жыртқыш жануарға ұқсайды, еркіне жіберілсе иесін талайды. Үндемеген адам қатеге түсуден, өтіріктен, өсектен, сөз тасудан, өзін мақтаудан, бос сөйлеуден және тағы көптеген тіл апаттарынан құтылады.

Көп сөйлейтін адамның тілі шалынады, көңілі (жүрегі) қараяды. Көңілі қарайған адам қате үстінен қате істейді, адамдарды ренжітеді, өзінің бұдан хабары да болмайды. Тіліне ие болған адам дінін қорғайды.

Көп сөйлейтін адам қате істейді. Сахабалар үнемі жақсы сөз сөйлегенімен қате сөйлеп қоймау үшін емес, бәлкім бос сөз айтпайын деп үндемейтін. Хазреті Әбу Бәкір аузына тас салып жүретін, «Басқа келетін бүкіл пәлекеттер осыдан (тілден) келеді» деп айтатын.

Бұлбұл қыран құсқа: «Екеуміз де құс болсақ та сен патшаның сарайындасың, мен болсам бақшаның тікендеріндемін. Сен құстарды аулап жейсің, патшаның қасында қадірің өсіп, мұратыңа жетесің. Құстардың сұлтаны боласың. Мен болсам күнді күнге қосамын, әр түні таңға дейін гүлдің ашылуын күтемін. Мен ұйықтамайынша ол ашпайды, оянғанда ашылған кейпін көремін. Ашылып жатқанын көре алмаймын, мұратыма жете алмаймын. Тікен арасында мұратсыз жылаймын, жүрегімді сыздаймын» дейді.

Сонда қыран құс былай деп жауап береді: «Мен мың мұратыма жетемін бірақ біреуін де айтпаймын. Сен болсаң бір мұратыңа жете алмастан мың мұрат айтасың. Үндемеген мұратына жетеді, ал шырылдап шағымданған мұратсыз қалады».

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قال النَّبيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «مَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ فَلا يُؤْذِ جَارَهُ، وَمَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ فَلْيُكْرِمْ ضَيْفَهُ، وَمَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ فَلْيَقُلْ خَيْراً أَوْ لِيَسْكُتْ». أخرجه البخاري.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.ғ.с) былай деген: «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болса, көршісіне зарар бермесін. Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болса, қонағын жақсы күтсін. Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болса, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін». Бұхари риуаят еткен.

Ғайбат дегеніміз «адамның сыртынан сөз айту» дегенді білдіреді. Құран Кәрімде мұсылмандардың бір-бірінің сырттарынан ғайбат сөз айтып, бір-бірлерін мазақ қылуға қатаң тыйым салынған. Ғайбат, өсек айту өлген бауырының етін жегендей үлкен күнә болып саналады. Алла Тағала былай дейді:

﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا يَسْخَرْ قَومٌ مِّن قَوْمٍ عَسَى أَن يَكُونُوا خَيْراً مِّنْهُمْ وَلَا نِسَاء مِّن نِّسَاء عَسَى أَن يَكُنَّ خَيْراً مِّنْهُنَّ وَلَا تَلْمِزُوا أَنفُسَكُمْ وَلَا تَنَابَزُوا بِالْأَلْقَابِ بِئْسَ الاِسْمُ الْفُسُوقُ بَعْدَ الْإِيمَانِ وَمَن لَّمْ يَتُبْ فَأُوْلَئِكَ هُمُ الظَّالِمُونَ * يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اجْتَنِبُوا كَثِيراً مِّنَ الظَّنِّ إِنَّ بَعْضَ الظَّنِّ إِثْمٌ وَلَا تَجَسَّسُوا وَلَا يَغْتَب بَّعْضُكُم بَعْضاً أَيُحِبُّ أَحَدُكُمْ أَن يَأْكُلَ لَحْمَ أَخِيهِ مَيْتاً فَكَرِهْتُمُوهُ وَاتَّقُوا اللَّهَ إِنَّ اللَّهَ تَوَّابٌ رَّحِيمٌ ﴾

«Ей, иман келтіргендер! Бір қауым, басқа бір қауымды келемеждеп сөкпесін! Бәлкім, ол қауым, әлгі қауымның өзінен де артық шығар. Әйелдер де басқа бір әйелдерді келемеждеп сөкпесін! Бәлкім, ол әйелдер әлгі әйелдердің өздерінен де артық шығар. Бір-бірлеріңді ренжітпеңдер һәм бір-бірлеріңе лақап тақпаңдар. Иманнан кейін пасық есім қандай жаман?! Ал кімде-кім тәубе етпесе, олар залымдар. Уа, иман келтіргендер! Түрлі күмәнді ойлардан сақтаныңдар! Шындығында ойлардың кейбірі күнә. Бір-бірлдеріңді аңдымаңдар, бір-бірлеріңнің сырттарыңнан ғайбат сөз айтпаңдар! Әлде сендердің біреулеріңе өлген бауырының етін жеу ұнай ма? Сендер оны ұнатпайсыңдар. Алладан қорқыңдар! Шындығында Алла тәубені қабыл алушы һәм өте мейірімді» (Хужурат, 11, 12);

قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »أَتَدْرُونَ مَا الْغِيبَةُ؟ قَالُوا: اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ، قَالَ: ذِكْرُك أَخَاك بِمَا يَكْرَهُ، قِيلَ: أَفَرَأَيْت إنْ كَانَ فِي أَخِي مَا أَقُولُ؟ قَالَ: إنْ كَانَ فِيهِ مَا تَقُولُ فَقَدْ اغْتَبْتَهُ، وَإِنْ لَمْ يَكُنْ فِيهِ مَا تَقُولُ فَقَدْ بَهَتَّهُ». رَوَاهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُد وَالتِّرْمِذِيُّ وَالنَّسَائِيُّ وَغَيْرُهُمْ.

Бірде Алланың елшісі (с.а.с.) сахабаларынан: «Ғайбаттың не екендігін білесіңдер ме?» – деп сұрайды. Сахабалар: «Алла мен Оның елшісі жақсырақ білуші», – деседі. Сонда Алланың елшісі (с.а.с.): «Ол – бауырың туралы сыртынан ол ұнатпайтын түрде еске алып айтуың», – дейді. Бір сахаба: «Ал сондай сипат оның бойында болса ше?» – деп сұрайды. Пайғамбар (с.а.с.): «Егер ол сен айтқандай болса, оны ғайбаттаған боласың, ал егер олай болмаса, жала жапқан боласың», – деп жауап береді. (Бұл хадисті Имам Муслим, Әбу Дәуіт, Тирмизи және Нәсәи риуаят еткен).

Тіл – адам жанының тілмәші. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт болып жасай алмайды, ондай ұлт құрдымға кетері анық. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе жоқ. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмыс, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі де бай.

Алтынсарин аудандық
«Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінің
бас имамы Егеубаев М.А.

алдыңғы мақала
Бүкіләлемдік желіде (Ғаламторда) әдеп сақтау ережелері
кейінгі мақала
Ашу дұшпан

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником
Рейтинг@Mail.ru