Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Имамдар бағаны

12 11.21

Әрдайым жақсы ойда болу

Жалпы, адамның ойы рухани жағдайына әрі адамның адамгершілігінің дамуына зор әсерін тигізеді. Яғни кез келген жағдайдың жақсы жағын ғана ойлай білу рухани дамуға сеп болмақ. Ал, жаман ойлаудан жағымсыз әдеттер әсерінен көптеген жандарда күмән, сенімсіздіктер пайда болады. Сенімсіздік пен күмән адамдар арасындағы қарым-қатынасқа кері әсер етеді.

Адамға қандай бір жағдай болмасын, дереу жаман ой келеді. Міне, осы уақытта мұсылман басқа адам жайында жақсы ойда болып, жаман ойға түсуден сақтануы тиіс. Яғни, басқа адамның «айыбын» көрсе, оны дереу жамандыққа жорып, шешім қабылдамай, ол турасында жақсы ой ойлау.

Қазақтың ұлы данышпан ойшылы, қазақ философиясында ар, ұят, ынсап мəселелерін философиялық логикада тұңғыш рет қарастырған ойшыл Шәкәрімқажы атамыз өз еңбектерінің бірінде былай дейді:

 «Кейде дос та жамандар жоқ нәрсе үшін,

Дұшпан сөгер сыртыңнан қайрап тісін.
Өнері жоқ, өсекшіл ел жамандар,
Өтірік пе, рас па, көрмей ішін» - демекші, тіпті есту былай тұрсын, адам көзімен көрген істің сыртқы бейнесін көргенімен, оның шынайы мазмұнын білмеуі де әбден мүмкін.

Хазіреті Әли (Алла оған разы болсын): «Алланың құлдары жайында жақсы ойда бол! Егер сондай болсаң, көптеген ауыртпалықтардан құтыласың» деп өсиет еткен. Құранда Алла тағала: «Ей иман келтіргендер, көп күмәнді (жаман ойдан) сақтаныңдар. Өйткені кейбір күмәнді ойлар күнә» - деп ескерткен. (Хұжұрат сүресі-12). Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с): өсиет сөзі хадисінде: «Жаман ойдан сақтаныңдар! Өйткені жаман ой, орынсыз айыптау – сөздердің ішіндегі ең жаманы. Басқалардың сөздерін аңдып-тыңдамаңдар, кемшілік іздемеңдер, мақтанып өркөкіректік көрсетпеңдер. Бір-біріңді қызғанып, кек сақтамаңдар, бір-біріңнен жүздеріңді теріс бұрмаңдар. Ей, Алланың құлдары! Сендерге Алла бұйырғандай бір-біріңе бауыр болыңдар».

Жаман ойлар қайдан келе береді? Бәлкім бұл – білімнің аздығынан болар. Адамның білімі қаншалықты төмен болса, шариғаттың кейбір тұстарын түсінуде соншалықты қателесуі ықтимал. Сондықтан діни білімді барынша арттырып отыруға көңіл бөлгеніміз абзал.

Жағымсыз ойлар адамның табиғи қалпына, яғни кез келген дүниені ашумен қабылдау және айналасын тек қара түнекте көруге бейімділігіне байланысты туындайды. Ондай адамдар реті келе қалса шағымданып, айналасындағылардың қателігі мен кемшілігін жаны кіре айтып беруге дайын тұрады. Олардың осы қалпы әдетіне, кейін тіпті мінезіне айналып кетуі бек мүмкін.

Кімде-кім Алла Тағалаға жақын болуды қаласа, әуелі өзінің ойы мен Раббысымен байланысты нығайтып, жүрегіндегі жағымсыз ойлар мен күмәндармен күресуге тырысуы қажет. Санамызды жағымсыз ойлар келіп түрткен кезде ары қарай кіруіне жол бермей керісінше, жағымсыз ойды санамыздан шығарып тастауға талпыныс жасаған жөн. Жақсы ой Алланы көбірек еске алуға мүмкіндік беретінін естен шығармайық.

Әлдекімнің қандай да бір қателіген көрсеңіз немесе біреу сізді ренжітсе, оны ақтап алатын дәлел табуға тырысыңыз. Ибн Сирин: «Егер әлдебір бауырың сені сөзбен не ісімен ренжітер болса, оны ақтайтын дәлел ізде, ал егер ештеңе таппасаң, онда: "бәлкім, оның мен білмейтін дәлелі бар шығар деп айт"», - деген.

Қадірменді оқырман қауым! Жоғарыда айтылғандардан ой түйіп, баршамызда өзімізді адамдар туралы жақсы ойлауға баулуға тырасайық. Әрине бұл көп күш-жігер мен сабырлы еңбекті талап етеді, өйткені адамның ажырамас серігі шайтан ешқашан қарап қалмайды, ол адамдардың арасына бүлік пен дұшпандықты тудыруды қалайды. Адамдар жайында жақсы ойда болу, жақсылық тілеу және жақсы жақтарын көру бұл – Құдай тағаланың разылығына бөлейтін керемет қасиет әрі сауапты амал. 

«Біреудің мінін тергенше,Жамандығын көргенше,

Өз ойыңды мазалап,Өз бойыңды тазалап

Өзіңмен күрес өлгенше» - деп басқаның айыбын көріп кінә артпас бұрын өз кемшілігімізді жоюға асығайық ағайын.

Алла Тағаладан баршамызға шынайы иман, таза жүрек нәсіп етуін, сондай-ақ діндес бауырларымыз туралы тек жақсы ойда болуды тілейік.

Рудный қалалық «Нұр» мешітінің имамы Бектұрсын Торғайбайұлы

Сұрақ қою

Security code


алдыңғы блог жазба
Мәуліт – тағылымға толы мереке.
келесі блог жазба
Дін мен дәстүр

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником