Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
15 03.17

Терроризм мен экстремизмге жол жоқ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы барша жұртшылықтың тарапынан қолдау тапты. Еліміз үшін маңызды болған бұл құжатта, діни экстремизмнің алдын алу жөнінде жан-жақты айтылған.

01

Жақында Қостанай қалалық мешітінде «Ислам дінінде терроризм мен экстремизмге жол жоқ» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Осынау жиынның жоғары деңгейде өтуіне аталған мешіт ұжымы мен «Лев Толстой» атындағы облыстық кітапханасының қызметкерлері жан-жақты дайындық жасады.

01

Осы жиынға арнайы шақырылған Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Әбішев, Л. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы Алмас Мұратбеков, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы, саяси ғылымдар магистрі Төлеу Паниязұлы және Қостанай қалалық мешітінің найб имамы Дүйсен Дайыр қозғалып отырған өзекті тақырып жөнінде өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.

01

Кеште бас қосқан Қостанай қаласындағы педагогикалық және индустриальдық колледжінің студенттері белсенділік танытты. Олар көкейде жүрген сауалдарын қойып, тақырыпты ашықтай түсті.

01

Жиында Ислам дінінде терроризм мен экстремизмге мүлдем жол жоқ екендігі қасиетті Құран аяттары мен хадистерден келтілгені айтылды. Ал жастарыдың теріс ағымдардан аулақ болу үшін олардың діни сауаттарын көтеру бағытында алдағы уақытта жұмыстар атқарыла беретіндігі де сөз болды.

01

Сондай-ақ жұртшылықтың назарына терроризммен күрес туралы, қоғамға жат дін өкілдерінің әрекеттері жөнінде бейне ролик көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кеш соңында бас имам Шоқан қажы Ғазизұлы келген қонақтар мен жиналған студенттерге шынайы алғысын білдірді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі

алдыңғы жаңалық
Иманды ұрпақ-жарқын болашақ
келесі жаңалық
«EXPO 2017» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНЕ МҮФТИЯТ ТА ҮЛЕС ҚОСПАҚ

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником