Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

07:34
09:12
13:36
16:00
17:49
19:27
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қостанай
    Намаз кестесі СМС арқылы
    Ақмола облысы
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе облысы
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы облысы
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау облысы
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Шығыс Қазақстан облысы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жамбыл облысы
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Қарағанды облысы
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Қостанай облысы
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Қызылорда облысы
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Маңғыстау облысы
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Солтүстік Қазақстан облысы
  • Петропавл
  • Павлодар облысы
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Оңтүстік Қазақстан облысы
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Батыс Қазақстан облысы
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
бе1
жұ2
се3
же4
дү5
се6
сә7
бе8
жұ9
се10
же11
дү12
се13
сә14
бе15
жұ16
се17
же18
дү19
се20
сә21
бе22
жұ23
се24
же25
дү26
се27
сә28
бе29
жұ30
Хижри
бе23
жұ24
се25
же26
дү27
се28
сә29
бе30
жұ1
се2
же3
дү4
се5
сә6
бе7
жұ8
се9
же10
дү11
се12
сә13
бе14
жұ15
се16
же17
дү18
се19
сә20
бе21
жұ22

Имамдар бағаны

Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілі, Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің бас имамы

17 01.18

Әлемдердің Раббысы – Аллаға сансыз шүкірлер мен мақтау-мадақтар болсын! Пайғамбарымыз Мұхаммадқа (ﷺ), оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Алланың игілігі мен сәлемі болсын!

Қасиетті Құран Кәрімнің «Тин» сүресінде Ұлы Раббымыз адамзат баласының ең көркем жаратылыс екенін былай деп баяндайды:

لَقَدْ خَلَقْنَا الْإِنسَانَ فِي أَحْسَنِ تَقْوِيمٍ

«Шүбәсіз, Біз адам баласын ең көркем, ең керемет бейнеде жараттық». Осылайша адамның дене бітімін өте көркем түрде, дене мүшелерін лайықтастырып әрі қажетті ішкі, сыртқы сипаттармен бірге жаратып, адамзат баласын өзге мақұлықтардан даралап, дәрежесін көтеріп қойды.

Құдіреті шексіз Алла Тағала әу бастан-ақ адамды ер мен әйел етіп жаратып, оларға айрықша ерекшеліктер сыйлаған. Рас, әйел – нәзік, әлсіз және сезімге жақын жаратылыс. Дегенмен, әйелге басқа ешбір тіршілік иесіне бұйырмаған аса құрметті де маңызды мәртебе берілген. Бұл жөнінде Алла Тағала былай деген:

يَا أَيُّهَا النَّاسُ اتَّقُوا رَبَّكُمُ الَّذِي خَلَقَكُم مِّن نَّفْسٍ وَاحِدَةٍ وَخَلَقَ مِنْهَا زَوْجَهَا وَبَثَّ مِنْهُمَا رِجَالًا كَثِيرًا وَنِسَاءً

«Ей, адамдар! Бәріңді бір жаннан (бір кісіден) жаратқан һәм одан жұбын жаратып, ол екеуінен көптеген ерлер мен әйелдер өрбітіп, жер бетіне таратқан Раббыларыңа қарсы келуден сақтаныңдар». Сонымен қатар Құранның келесі басқа аятында Жаратушы Иеміз ер мен әйелдің өзара міндеттері жөнінде былай деген:

لَهُنَّ مِثْلُ الَّذِي عَلَيْهِنَّ بِالْمَعْرُوفِ ، وَلِلرِّجَالِ عَلَيْهِنَّ دَرَجَةٌ ، وَاللّهُ عَزِيزٌ حَكُيمٌ

«Әйелдердің күйеулерінің алдында міндеттері болғанындай, ер азаматтардың да әйелдерінің алдында заңды міндеттері бар. Сонымен қатар (отбасын асырау сынды ауыр да жауапты міндеттерін арқалағандықтан) ер азаматтардың дәрежесі әйелдерден бір сатыға жоғары. Алла – Азиз (ұлық, бәрінен үстем) һәм Хаким (әр ісі мен әрбір үкімі көптеген хикметтерге толы болған асқан даналық иесі)».

Қасиетті Құранда әйелдерге арналған «Ниса», «Мәриям» деп аталатын арнайы сүрелер бар. Бұдан бөлек, Алла Тағала «Талақ», «Тахрим», «Ахзаб», «Нұр», «Мұмтахина» сүрелерінде де әйелдің мәртебесін, оның құқықтары мен міндеттерін ашық баяндаған. Біз бұл сүрелер мен аяттардан Ислам дінінің әйел затына қаншалықты көңіл бөлетінін анық аңғарамыз.

Алла Тағала өзінің кәләмі Құранда салиқалы әйелдің сипаттары жайлы былай деген:

إِنَّ الْمُسْلِمِينَ وَالْمُسْلِمَاتِ وَالْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ وَالْقَانِتِينَ وَالْقَانِتَاتِ وَالصَّادِقِينَ وَالصَّادِقَاتِ وَالصَّابِرِينَ وَالصَّابِرَاتِ وَالْخَاشِعِينَ وَالْخَاشِعَاتِ وَالْمُتَصَدِّقِينَ وَالْمُتَصَدِّقَاتِ وَالصَّائِمِينَ وَالصَّائِمَاتِ وَالْحَافِظِينَ فُرُوجَهُمْ وَالْحَافِظَاتِ وَالذَّاكِرِينَ اللَّهَ كَثِيرًا وَالذَّاكِرَاتِ أَعَدَّ اللَّهُ لَهُم مَّغْفِرَةً وَأَجْرًا عَظِيمًا

«Аллаға мойынсұнған мұсылман ерлер мен мұсылман әйелдер, шын жүректен иман келтірген мүмін ерлер мен мүмін әйелдер, (хақ діннің барлық үкімдеріне) қалтықсыз бағынған ерлер мен қалтықсыз бағынған әйелдер, (сөздері мен іс-әрекеттері) түзу әрі шынайы болған шыншыл ерлер мен шынайы да шыншыл әйелдер, сабырлы да табанды ерлер мен сабырлы да табанды әйелдер, (Алланың алдында) өте ізетті әрі кішіпейіл болған ерлер мен сондай инабатты әрі кішіпейіл болған әйелдер, (Алла жолында мұқтаждарға) зекет-садақа беретін ерлер мен зекет-садақа беретін әйелдер, ораза ұстайтын ерлер мен ораза ұстайтын әйелдер, арын сақтап, абыройларын күнәдан тыйған ерлер мен арын сақтап, абыройларын күнәдан тыйған әйелдер, сондай-ақ Алланы көп еске алатын ерлер мен Алланы көп еске алатын әйелдер (бар ғой?!) Міне, Алла осынау ізгі жандарға ерекше кешірім мен үлкен сый-сияпат дайындап қойды».

عَسَىٰ رَبُّهُ إِن طَلَّقَكُنَّ أَن يُبْدِلَهُ أَزْوَاجًا خَيْرًا مِّنكُنَّ مُسْلِمَاتٍ مُّؤْمِنَاتٍ قَانِتَاتٍ تَائِبَاتٍ عَابِدَاتٍ سَائِحَاتٍ ثَيِّبَاتٍ وَأَبْكَارًا

«Егер ол сендерге талақ айтса, бәлкім, Раббысы оған сендерден де жақсы, Аллаға қалтықсыз мойынұсынған, иманы кәміл (Аллаға һәм Пайғамбарына (ﷺ)) шын көңілмен бағынатын, тәубешіл, құлшылыққа жаны құмар, көп ораза ұстайтын жесір әйелдер немесе беті ашылмаған пәк қалыңдықтар нәсіп етер». Ал «Ниса» сүресінің 34-аятында қосымша былай делінген:

فَالصَّالِحَاتُ قَانِتَاتٌ حَافِظَاتٌ لِّلْغَيْبِ بِمَا حَفِظَ اللَّهُ ۚ

«Ал ізгі әйелдер – Аллаға толық мойынұсынатын және ерлерінің алдындағы міндеттерін қалтықсыз орындайтын, сондай-ақ Алла олардың құқығын қалай қорғаған болса, олар да дәл солай ерлері қастарында болмаған кезде де ерлерінің құқығын аяқасты етпей (ар-ұяттарын, отбасылық сырларды, отбасына тән абырай мен ерлері тапқан мал-дүниені) лайықты түрде сақтай білетін жандар». Яғни ізгі, салиқалы әйел Жаратушысына бойсұнып, Оның бұйырған құлшылықтарын орындайды және күйеуіне бағынып, оны тыңдайды. Әрі Алла Тағаланың көмек беруі арқылы күйеуінің ар-намысын, дүние-мүлкін қорғайды.

Алла Елшісі (ﷺ) де Құран Кәрімде айтылған салиқалы әйелдің сипаттарын одан әрі керемет түрде айшықтап, егжей-тегжейлі баяндап берген.

Салиқалы әйел және оған қатысты сыйпаттар:

Салиқалы әйел – осы дүниеде уақытша берілген нығметтердің ең жақсысы.

Абдулла ибн Амр (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте, жақсы әйелдің мәртебесі жөнінде Алла Елшісі (ﷺ) былай деген:

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: (الدُّنْيَا مَتَاعٌ وَخَيْرُ مَتَاعِ الدُّنْيَا الْمَرْأَةُ الصَّالِحَةُ) رواه مسلم

«Бұл дүние өткінші бір ләззәт қана. Ал дүниедегі өткінші ләззәттың ең хайырлысы салиқалы, жақсы әйел».

Имам Абул-Аббас әл-Қуртуби бұл хадиске қатысты былай деген болатын: «Мұндай әйел өзіне және дініне қатысты әрдайым салиқалылықты ұстанады. Ал осындай сыйпатқа ие әйел күйеуінің де жағдайын жақсартады».

Жақсы әйел – Раббысының алдындағы міндеттерін толық орындайды.

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رضي الله عنه قَالَ: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم:)إِذَا صَلَّتْ الْمَرْأَةُ خَمْسَهَا وَصَامَتْ شَهْرَهَا وَحَفِظَتْ فَرْجَهَا وَأَطَاعَتْ زَوْجَهَا قِيلَ لَهَا ادْخُلِي الْجَنَّةَ مِنْ أَيِّ أَبْوَابِ الْجَنَّةِ شِئْتِ ) رواه أحمد (1664) وغيره

Абу Хурайра (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Алла Елшісі (ﷺ) былай деген: «Егер әйел кісі бес уақыт намаз оқыса, Рамазан айында ораза тұтса және ар-намысын қорғап, күйеуіне бойұсынатын болса, онда оған: «Жұмаққа қалаған қақпасынан кір»,-деп айтылады». Бұл хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ) әйел кісінің күйеуіне бағынуы өте маңызды болғандықтан, Ислам дінінің намаз және ораза сияқты ұлы құлшылықтарымен бірге атап өтті. Демек, әйел заты өзінің адал жолмен жұптасқан еріне бойұсынбаған жағдайда, жұмақтың қалаған қақпасынан кіру игілігінен мақрұм қалары анық. Ал салиқалы мұсылман әйел үшін Алла Тағаланың рақым, мейірімі арқылы жұмаққа кіруден басқа қандай бақыт қажет?!

Салиқалы әйел – Алла Тағаланың разылығына ұмтылады.

Ал нағыз ақылды, парасатты әйелдің үлгісін көрсеткен мына бір керемет оқиғаға көз жүгіртіңізші. Жәбир ибн Абдулла (Алла оған разы болсын) былай деп баяндайды: «Бір күні Әсма бинт Язид (оған Алла разы болсын) Пайғамбарымызға (ﷺ) келеді де, «Я, Алланың Елшісі, сен маған ата-анамнан да артық қымбатсың. Мен саған барша мұсылман әйелдердің атынан келіп тұрмын. Анығында сен – еркектерге де, әйелдерге де ортақ болып жіберілген Алланың Елшісісің. Бізді мазалайтын бір нәрсе бар. Біздің, яғни әйелдердің көп уақыты үйде өтеді. Біз күйеуіміздің разылығын іздейміз, бала сүйіп, ұрпақ жалғастырамыз. Ошағымыздың түтінін түтетіп, күйеуіміздің дүние-мүлкіне бас-көз боламыз. Соған қарамастан, біз жасай алмайтын кейбір амалдарды еркектер жасайтындығы ұшін олардың Алладан алатын сауаптары бізден асып кетеді. Олар күнделікті бес уақыт намаздан бөлек жұма намаздарына қатысады, науқастардың көңілін сұрап барады, жаназа намаздарына қатысады, қажылық парыздарын өтеп, құрбан шалады. Олар сондай сауабы мол амалдарды жасап жатқанда біз үйде қаламыз. Олардың бала-шағасына қарап, киімдерін тігеміз. Біз осы үшін олардың алып жатқан қыруар сауаптарының бір үлесін болса да ала аламыз ба? – деп сұрайды. Бұл сұрақты естіген Пайғамбарымыз (ﷺ) сахабаларына қарап: «Сендер бұдан артық сұрақ қойған әйелді бұрын-соңды көріп пе едіңдер?»-дейді. Сахабалары: «Я, Алланың Елшісі, әйел адам осындай сұрақ қояды деп ешқашан ойламап едік»,-дейді. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ) Әсмаға (р.а) бұрылып: «Мені жақсылап тыңда және мұны өзге әйелдерге де жеткіз. Егер әйел адам күйеуіне бойсұнып, оның үйдегі тірліктерін жасаса, көңілін тойдырып, оны разы етсе, онда ол да Алла жолында құлшылық етіп жүрген күйеуі секілді сауаптарға ие болады!»-дейді. Мұны естіген Әсманың жүзінде ерекше қуаныш, шаттық пайда болған еді. Көңілі көтерілген ол кетіп бара жатып қайта-қайта «Лә иләһә иллә Алла (Алладан басқа Құдай жоқ), «Аллаһу Әкбар (Алла Ұлы)» деумен болады... (Әбу Дәуд). Міне, бұл Алланың разылығына ұмтылған нағыз ақылды әйелдің жарқын мысалы еді.

Салиқалы әйел – ерінің дүниелік әрі діни істеріне көмектеседі.

عَنْ أبي أمامة رضي الله عنه، قال رسول الله صلى الله عليه وسلم:(قلبٌ شاكرٌ ولسانٌ ذاكرٌ وزوجةٌ صالحةٌ تُعينُك على أمرِ دنياك ودينِك خيرُ ما اكْتَنَزَ الناسُ) رواه البيهقي صحيح الجامع 4285

Абу Умамадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте Алла Елшісі (ﷺ) былай деген: «Шүкір етуші жүрек, Алланы еске алатын тіл және сенің дүниелік әрі діни істеріңе көмектесетін салиқалы әйел, адамдар жиған-терген қазынадан әлдеқайда хайырлы».

Салиқалы әйел – ерін бақытқа жетелейді.

عن سعد بن أبي وقاص رضي الله عنه قال :قال رسول الله صلى الله عليه وسلم:)مِنَ السَّعَادَةِ: الْمَرْأَةُ الصَالِحةُ تَرَاهَا تُعْجِبُكَ، وَتَغِيبُ فَتَأْمَنُهَا عَلَى نَفْسِهَا، وَمَالِكَ، وَمِنَ الشَّقَاوَةِ: الْمَرْأَةُ تَرَاهَا فَتَسُوءُكَ، وَتَحْمِلُ لِسَانَهَا عَلَيْكَ، وَإِنْ غِبْتَ عَنْهَا لَمْ تَأْمَنْهَا عَلَى نَفْسِهَا، وَمَالِكَ (أخرجه ابن حبان، والحاكم في المستدرك برقم (2/ 175 (

Сағд ибн Әби Уақастан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте Алла Елшісі (ﷺ) былай деп айтқан: «Бақытқа жетелейтін нәрселердің бірі: қарағаныңда көңіліңді көтеретін, жоқ болғаныңда оған оның өзін және мал-мүлкіңді сеніп тапсыра алатын салиқалы әйел. Ал бақытсыздыққа жетелейтін нәрселердің бірі: қарағаныңда көңіліңе қаяу түсіретін, тілімен саған қарсы шығатын және жоқ кезіңде оған оның өзін әрі дүние-мүлкіңді сеніп тапсыра алмайтын әйел».

Имам әл-Мунауи жоғарда келтірілген хадистің: «Қарағаныңда көңіліңді көтеретін, жоқ болғаныңда оған оның өзін және мал-мүлкіңді сеніп тапсыратын салиқалы әйел» деген сөздеріне қатысты былай деді: «Ол сенің жоқ кезіңде өзге ер кісілермен зина немесе бір жынысты қатынас (лесбияндық) күнәсін жасау және өзінің жабылуы тиіс болған жерлерін бөтен біреулерге көрсету сияқты т.б. жағымсыз, арсыз іс-әрекеттер жасамайды». Ал «қарағаныңда көңіліңе қаяу түсіретін» деген сөздеріне қатысты былай деді: «Оның сыртқы келбеті мен іс-әрекеттері себепті».

Сонымен қатар, осы тақырыпқа қатысты Пайғамбарымыз (ﷺ) басқа хадисінде былай деген болатын:

عن سعد بن أبي وقاص رضي الله عنه عن رسول الله صلى الله عليه وسلم قال:(مِنْ سَعَادَةِ ابْنِ آدَمَ ثَلاَثَةٌ، وَمِنْ شِقْوَةِ ابْنِ آدَمَ ثَلاَثَةٌ، مِنْ سَعَادَةِ ابْنِ آدَمَ الْمَرْأَةُ الصّالِحَةُ، وَالْمَسْكَنُ الصّالِحُ، وَالْمَرْكَبُ الصّالِحُ، وَمِنْ شِقْوَةِ ابْنِ آدَمَ، الْمَرْأَةُ السّوءُ، وَالْمَسْكَنُ السّوءُ، وَالْمَرْكَبُ السّوءُ) روى ابن حبان في صحيحه (4032) وأحمد في مسنده (1448).

«Адам баласын бақытты қылатын және бақытсыз ететін үш нәрсе бар. Адамды бақытты қылатын үш нәрсе: ізгі әйел, жайлы үй және жақсы көлік. Ал адамды бақытсыз ететін үш нәрсе: жаман әйел, жайсыз үй және жаман көлік».

Жақсы әйел – күйеуін жақсы көреді, оған мойынсұнады.

عن أبي أذينة الصدفي أن رسول الله صلى الله عليه وسلم قال: (خَيْرُ نِسائِكُمُ الوَدُودُ الوَلودُ، الْمُوَاتِيَةُ، الْمُوَاسِيَةُ، إذا اتَّقَيْنَ اللهَ، و شَرُّ نِسائِكُمُ الْمُتَبَرِّجَاتُ الْمُتَخَيِلاتُ، وهُنَّ الْمُنافِقَاتُ، لا يدخلُ الجنةَ مِنْهُنَّ إلَّا مثلُ الغُرَابِ الأَعْصَمِ) أخرج البيهقي في " السنن الكبرى " (13478).

Әбу Узайна әс-Садфи (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Алла Елшісі (ﷺ) былай деген: «Әйелдеріңнің ең жақсысы – күйеуін жақсы көретін, жиі бала туатын, ерін мақұлдайтын әрі оған бойұсынатын әйелдер. Ал әйелдеріңнің ең жаманы – өзінің сұлулығын басқаға көрсететін және менменшіл-тәкаппар әйелдер. Олар – екіжүзді мұнафықтар тәрізді. Олардың тек, тұмсықтары немесе аяқтары қызыл түсті шәуқарғаларға ұқсаған аз бөлігі ғана жұмаққа кіреді».

Имам әл-Мунауи жоғарда келтірілген хадистегі: «Олар –екіжүзділер» сөзіне қатысты былай деген: «Яғни, соларға ұқсап еліктейді. Олар ақ дақтары бар шәуқарғаға теңестірілген себебі – олардан жұмаққа кіретіндері өте аз. Себебі мұндай шәуқарғалар өте сирек кездеседі».

Ізгі әйел – көркем мінезді болады.

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ قَالَ: قِيلَ لِرَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَيُّ النِّسَاءِ خَيْرٌ؟ قَالَ: الَّتِي تَسُرُّهُ إِذَا نَظَرَ، وَتُطِيعُهُ إِذَا أَمَرَ، وَلَا تُخَالِفُهُ فِي نَفْسِهَا وَمَالِهَا بِمَا يَكْرَهُ .رواه النسائي (3131)

Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыздан (ﷺ) бір кісі: «Қандай әйел ең жақсы?», – деп сұрағанда, Ол (ﷺ): «Күйеуі оған қарағанда, оны қуантатын; ол оған бір нәрсе бұйырғанда, мойынсұнатын, өзіне және өзінің мал-мүлкіне қатысты бір нәрсе ұнамай тұрса да күйеуіне қарсы келмейтін әйел», – деп жауап берді». Бұл хадистен түсінгеніміз, мұсылман әйел өзінің мал-мүлкін өз қалауы бойынша жаратуға толық қақысы бар. Сонымен қатар күйеуі әйелінің жеке мүлкіне иелік ете алмайтындығы да белгілі. Десе де, парасатты әрі салиқалы мұсылман әйел дүниесін қалай жарататындығы және не нәрсеге жұмсайтындығы жөнінде күйеуімен ақылдасқаны жөн. Себебі мұндай мінез тек жақсы әйелдің бойынан ғана табылатындығы ақиқат. Сондай-ақ мұндай әрекет, күйеуінің әйеліне деген сүйіспеншілігін арттыра түсері анық.

Омар ибн әл-Хаттаб (Алла оған разы болсын) былай деген: «Ер кісі, Аллаға иман келтірген соң, күйеуін жақсы көретін және көп бала туатын көркем мінезді әйелден артық еш нәрсе иеленген емес! Сонымен қатар ер кісі, Аллаға күпірлік келтірген соң, нашар мінезді және ашшы тілді әйелден жаман еш нәрсеге қол жеткізген емес!».

Салиқалы әйел – ең бірінші болып татуласады.

روي من حديث أنس وابن عباس وكعب بن عجرة رضي الله عنهم، عن النبي صلى الله عليه وسلم فيه أنه قال: (أَلَاْ أُخْبِرُكُم بِرِجَالِكُم فِي الجَنَّةِ ؟ !النَّبِي فِي الجَنَّةِ، وَالصِّدِّيقُ فِي الجَنَّةِ، وَالشَّهِيدُ فِي الجَنَّةِ، وَالمَوْلُودُ فِي الجَنَّةِ، وَالرَّجُلُ يَزُورُ أَخَاهُ فِي نَاحِيَةِ المِصْرِ - لَاْ يَزُورُهُ إِلَّا لِلَّهِ - فِي الجَنَّةِ .أَلَاْ أُخبِرُكُم بِنِسَائِكُم فِي الجَنَّةِ؟! كُلُّ وَدُودٍ وَلُودٍ ، إِذَا غَضِبَت أَو أُسِيءَ إِلَيهَا أَو غَضِبَ زَوجُهَا ، قَالَت: هَذِه يَدِي فِي يَدِكَ، لَاْ أَكْتَحِلُ بِغُمضٍ َحتَّى تَرضَى) أخرج الطبراني في الكبير (19/14).

Әнастың, Ибн Аббастың және Қағб ибн Ужраның (Алла оларға разы болсын) сөздерінен Алла Елшісінің (ﷺ) былай деп айтқаны риуаят етілді: «Сендерге жұмақ иелерінен болатын еркектерің жайлы хабар берейін бе?! Пайғамбар жұмақтық, шыншыл жұмақтық, шәһид жұмақтық, қайтыс болған сәби жұмақтық, ауыл-аймақтыың шетінде тұратын мұсылман бауырын тек Алланың разылығы үшін ғана зиярат еткен ер жұмақтық. Ал енді сендерге жұмақ иелерінен болатын әйелдерің жайлы хабар берейін бе?! Күйеуін жақсы көретін, көп бала туатын және күйеуі оған зұлымдық қылған кезде немесе өзі күйеуін ашуландырған уақытта күйеуінің қолын ұстап тұрып: «Сен разы болмайынша, мен көзімді ілмеймін!»,-деп айтатын әйел».

Алла Тағалаға мақтаулар болсын! Бұл қандай керемет хадис! Біздің заманымызда осынау хадистің мән-маңызын ұғынып, амалға асыратын әйелдер бар ма?! Әлде біздің қоғамымызда әрдайым жақсылық жасап келіп, кейде ағаттық жасап қойған кезде: «Мен сенен ешбір жақсылық көрмедім!»,-деп айтатын мұсылман әйелдер ғана қалғаны ма?! Шынымен-ақ, өзі кінәлі бола тұра: «Сен разы болмайынша, мен көзімді ілмеймін!»,-деп кешірім сұрайтын әйелдер бар ма екен шіркін?!

Имам әл-Мунауи осы хадис турасында былай деген екен: «Кез-келген мүмін әйел осы айтылған сипаттармен ерекшеленетін болса, онда ол жұмақ иелерінің қатарынан болады. Алайда, әйелдердің арасында мұндай қасиеттермен ерекшеленетіндер өте аз. Себебі салиқалы әйел – ақ дақтары бар шәуқарға сияқты өте сирек кездеседі».

Ізгі әйел – әрдайым сабырлық танытады.

Әйел кісі тіпті өзінің қызғанышын тежеудегі сабырлығы үшін де үлкен сый алады. Муджаһид (Алла оған разы болсын) былай дейтін: «Алла жолындағы күрес еркектерге бұйырылды, ал қызғану әйелдерге бұйырылды. Сондай-ақ сабырлық танытатын әйел, Алла жолында күресуші кісі алатын сауаптың жартысына ие болады».

Алла Тағала салиқалы әйелдерге нендей игілік жасап жатқанына барынша зер салу қажет. Себебі Жаратушы Иеміз әйел кісінің күйеуіне бағынуы мен еріне деген жақсы қарым-қатынасының есесіне үлкен сауаптар әзірлеп қойған. Жоғарда келтірілген хадистерді ұғынып, мұсылман әйел күйеуіне қатысты қырсықтық сияқты т.б. көптеген жаман қылықтардан ада болып, күйеуінің разылығына қол жеткізумен Раббысының алдында жетістікке жетуге тырысуы қажет.

Салиқалы әйелдің – өмірлік ұстанымы үнемшілдікке негізделіп, ысырапшылдыққа жол бермейді.

Бұл жөнінде Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді:

إِنَّ الْمُبَذِّرِينَ كَانُوا إِخْوَانَ الشَّيَاطِينِ ۖ وَكَانَ الشَّيْطَانُ لِرَبِّهِ كَفُورًا

«Шүбәсіз, ысырапқорлар шайтандарға бауыр. Ал шайтан болса, Раббысына рақметі жоқ, малғұн!». Келесі басқа аятта Жаратушы Иеміз былай дейді:

كُلُوا وَاشْرَبُوا وَلَا تُسْرِفُوا ۚ إِنَّهُ لَا يُحِبُّ الْمُسْرِفِينَ

«(Алланың өздеріңе берген нығметінен) ішіп-жеңдер, бірақ ысырап қылмаңдар, өйткені Алла ысырапқорларды ұнатпайды». Сондықтан мұсылман әйел үйіндегі тұрмыстық жағдайына қатысты кез-келген мәселеде күйеуінің қолынан келмейтінді емес, керісінше шамасы келетін нәрселерді талап еткені дұрыс болады. Себебі біздің өмір сүріп жатқан заманымызда адамдар қызыға қарайтын игіліктер мен қатты маңызды болмаған қымбат әрі арзан дүниелер өте көп. Ал бұл өмірде адам баласы осы аталған қатты маңызды болмаған тұрмыстық қажеттіліктерсіз ақ бақытты ғұмыр кешуге қауқарлы. Өйткені Алла Тағаланың құзырында адамның тұрмыстық жағдайының кемел болғандығы емес, имани құндылықтардың толық болғаны аса маңызды.

Жақсы әйел – күйеуін жоғары бағалайды.

Ата ибн Рабах Сағид ибн әл-Мусайябтың (Алла оған разы болсын) қызы былай дегенін риуаят етті: «Сендер әмірлеріңнің алдында өздеріңді қалай ұстаған болсаңдар, біз де күйеулеріміздің алдында өзіміді тура солай ұстайтынбыз!».

Ертеде бір кісінің үйіне досы қонаққа келіпті. Өзі кедей болса да қонақжай жігіт әйеліне: – Қонаққа қарбызды әкел,-деп бұйыра сөйлейді. Әйелі барып, «Салқындасын» деп шатыр астына қойған қарбызды ала келеді. Күйеуі: – Басқасын әкел! Бұл жарамайды,-дейді. Әйел үнсіз барып, басқасын әкеледі. Бұл жағдай бірнеше қайталанады. Бұған таңданған досы: – Бәрі бірдей ғой, әйеліңді неге әуреге саласың?-деп сұрайды. Сонда үй иесі: –Негізі, үйде осы жалғыз қарбыздан басқа – ештеңе жоқ. Әйелім күні бойы бір қарбызды әкеліп жүр. Онысы – менің абыройымды түсірмеу, сөзімді екі етпеу! Егер, ақылсыз әйел болғанда сол кезде-ақ, «Осыдан басқа – қарбыз жоқ қой. Неге жұмсай бересің?» дер еді,-деген екен. Әйелінің салиқалығына таңданған досы қатты риза болыпты.

Қорытындылай келе, Алла Тағаладан біздің Құран аяттары мен Алла Елшісінің (ﷺ) хадистерін оқып, естігенде құр тәнті болумен ғана шектеліп қалмай, амал етуімізді нәсіп етсін деп тілейік! Суфиян ибн Уяйна былай деген екен: «Жақсы мен жаманды білетін кісінің барлығы ақылды емес. Ақиқатында, ақылы бар адам – жақсылықты көріп, соған ілеседі, жамандықты көріп, одан алыстайды!».

Жалпы Алла Тағала бізге алдыңғы буын (сәләф салих) мұсылман ғалым-ғұламалары арқылы бір ай жол жүріп игерілетін ғылым-білімге қол жеткізуді жеңілдетті. Алайда, өкінішке орай, бұл жағдай қазіргі қоғамдағы көптеген мұсылмандардың алдыңғы буын өкілдерінің мирас етіп қалдырған білімдерін құнттамауға, бағаламауға әкеп соқтырды. Олай болса баршамыз, мейілінше қол жетімді етіліп, жеңілдетілген білімді қадірлеуге, игеруге, амалға асыруға асығайық!

Имам әл-Хатыб әл-Бағдади былай деген: «Амалдар – жетістікке жету үшін жүзеге асырылғандай, білім де, соған сай амал етілу үшін игеріледі. Егер де, білім амалға асырылмайтын болса, онда ол, иесі үшін ауыр жүкке айналады».

Қазіргі уақытта ер кісілер көбінесе өздерінің маңызды хақылары жайлы айтылған хадистерді айрықша пайдаланып, алайда өздері әйелдерінің алдындағы тиісті міндеттерін орындамайтыны және мұсылман әйелдер де тек өздеріне қатысты күйеулерінің жақсы қарым-қатынас жасап, сабырлық танытуға ынталандыратын хадистерді ғана пайдаланып, алайда өздерінің күйеулеріне қатысты орындаулары тиісті болған міндеттерді атқарудан қашқақтайтындығы да өте жие кездеседі!

Сондықтан Алла Тағала бізді мұндай селқостықтан сақтап, ақиқатты ести салысымен соған қарай ілесетін және соны жүзеге асыру үшін, өзінің нәпсісі қалауларымен күресетін мүмін мұсылмандардан етсін!

Адалдық пен арамдық жайлы терең ілімі бар сахаба – Мұғаз ибн Жәбәл (Алла оған разы болсын) былай деген: «Қалағандарыңша білім үйреніңдер, алайда сол білімге сай, амал етілмейінше, Алла Тағала сендерге ол білімнен еш пайда бермейді!».

Сөз соңында әлемдердің Раббысы – Алла Тағалағаға мақтау-мадақтар болсын! Пайғамбарымыз Мұхаммадқа (ﷺ), оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және оларға ықыласты түрде ерген барша мұсылмандарға Алланың игілігі мен сәлемі болсын. Алла Тағала дін Исламға қуат, халқымызға амандық, елімізге тыныштық, қоғамымызға салиқалылықты нәсіп етіп, мемлекетіміздің тұғырын биік, тәуелсіздігімізді баянды қылғай!

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкіл имамы Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы

1 Тин сүресі 4-аят.

2 Ниса сүресі, 1-аят.

3 Бақара сүресі, 228-аят.

4 Ахзаб сүресі, 35-аят.

5 Тахрим сүресі, 5-аят.

6 Имам Муслим риуаят етті.

7 «әл-Муфхим» 4/221.

8 Имам Ахмад риуаят етті.

9 Әл-Байһақи «Шуғабул-иман», «Сахих әл-жәмиғ» 4285.

10 Имам Ибн Хиббан және имам әл-Хаким «әл-Мустадрак» 2/175 еңбегінде риуаят етті.

11 («Фәйдул-қадир» 3508.

12 Имам Ахмад «Муснад» кітабында, имам Ибн Хиббан «сахих Ибн Хиббан» кітабында риуаят етті.

13 Имам әл-Бәйһақи «Сунанул-кубра» 13478 еңбегінде риуаят етті.

14 («Фәйдул-Қадир» 4092.

15 Имам ән-Нәсәи (3131) риуаят етті.

16 Ибн Әби Шәйба 4/308, әл-Бәйһақи 7/82 риуаят етті.

17 Имам әт-Табарани «әл-Кәбир» 14/307 еңбегінде риуаят етті

18 («Фәйдул-Қадир» 2867

19 Ибн Әби әд-Дуня «Китаб әл-ғиял» 551.

20 Исра сүресі, 27-аят.

21 Ағраф сүресі, 31-аят

22 Ибн Әби әд-Дуня «Китаб әл-Ғиял» 546.

23 «әл-Хилия» 8/339.

24 «Таһзибу иқтида әл-ғилм» 6.

25 Ибн әл-Мубарак «әз-Зуһд» 21, Абу Дауд «әз-Зуһд» 196.

02 09.16

Әлемдердің Раббысы Алла Тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болып, Пайғамбарымыз Мухаммадқа (с.ғ.с), Оның (с.ғ.с.) жанұясына, сүйікті сахабаларына және оларға ізгілікте ерген барша момын мұсылмандарға Жаратушы Иеміздің сансыз салауаты мен сәлемі болғай!

«Айт» сөзі араб тілінен аударғанда «қайта оралу» деген мағынаны білдіреді. Бұл мейрамның айт деп аталу себебі, ол жыл сайын қайта айналып келіп отырады. Айт – мұсылмандар үшін Жаратушымыздың разылығына жету мақсатында құлшылық жасап, өзара реніш, араздықтарын жойып, бауырластық сезімдерін күшейтетін маңызды мейрам. Биылғы жылы Құрбан айт мейрамының бірінші күні қыркүйек айының 12-не тұспа-тұс келіп тұр. Бұл күндердің ұлықтығы сол – мұнда адам баласы өз Жаратушысына барынша жақындай түсуге тамаша мүмкіндік алады. Алла Тағала барша мұсылман үмметі үшін осынау қасиетті күндерді берекелі әрі сауаптар таптыратын күндерден қылғай!

Айт мейрамының тарихы

Құрбан шалу – сонау Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардан жалғасып келе жатқан үрдіс. Бұл ғибадат арқылы Алланың ықыласты құлдары өз сеніміне беріктігі мен берілген нығметтерге шүкіршілігін танытады. Қасиетті Құран Кәрімде: «Аллаға қүрбанның еттері, қандары, әсте, жетпейді. Бірақ сендердің тақуалықтарың жетеді» («Хаж» сүресі, 37-аят), - делінген. Аятта құлшылық ретінде сойылған құрбандықтың маңызды бір шарты адалдық пен тақуалық екендігі ашық баяндалған. Олай болса, мәселе Алла жолына аталған малдың еті мен қанында емес, оны шалушының тақуалығында. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдинаға көшкенде, жергілікті адамдардың жыл сайын тойлайтын екі күні болатын. Алла Тағала сол екі күнді ораза және құрбан айт мейрамдарымен алмастырған.

Әнас ибн Мәлик (р.ғ.): «Жәһилият кезінде адамдардың әр жылы тойлайтын екі күні болған еді. Пайғамбар (с.ғ.с.) Мәдинаға келген кезде: «Сендердің тойлайтын екі күндерің бар еді, Алла ол екеуін ол екеуінен де жақсырағымен алмастырды: ауыз ашар күні, (яғни Рамазан оразасының аяқталатын Ораза айт күні) және құрбандық күні (яғни құрбандық шалынатын Құрбан айт күні)»,-деді»,-деген. Сол уақыттан бері барлық мұсылмандар үшін осы атаулы мереке ең қуанышты күндердің біріне айналған.

Ораза және Құрбан айт намаздары алғаш рет Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдина шаһарына қоныс аударған жылы оқылған. Сондықтан бұл мейрам айт намазын оқумен басталады. Айт намазы – жұма намазы парыз болған адамдардың барлығына уәжіп. Себебі Пайғамбар (с.ғ.с.) адамдардың айт намазына шығуына әмір берген.

Умму Атия (р.ғ.): «Бізге айт күні (яғни айт намазына) шығуға, әмір етілетін. Тіпті шымылдықта отыратын қыздарды да, етеккірі келген әйелдерді де шығаратынбыз. Олар адамдардың артында олардың тәкбірлерін қайталап, дұғаларымен дұға етіп, сол күннің берекесі мен тазалығынан үміт ететін»,-деген.

Айт намазының уақыты – сәске (духа) намазының уақыты. Айт намазын күн найза бойы көтерілгеннен бастап, тал түске жеткенге дейінгі аралықта оқуға болады.

Айт намазының оқылу тәртібіне келер болсақ айт намазы екі ракағаттан тұрады. Таң және жұма намаздарының парыздары секілді айт намазы да жария оқылады. Бірақ айт намазына азан да, қамат та айтылмайды.

Ата (р.ғ.): «Ибн Аббас және Жәбир ибн Абдулла: «Ораза айты күні және құрбандық күні азан айтылмайтын еді»,-деген»,-деді.

Басқа бір хадисте Ибн Аббас (р.ғ.): «Алла Елшісі (с.ғ.с.) отбасын айт күні шығарғанды жақсы көретін. Біз (айт намазына) шықтық. Ол (с.ғ.с.) азансыз және қаматсыз намаз оқыды. Сосын адамдарға құтпа оқыды»,-деді.

Азан мен қаматтың орнына адамдар «Әссалату жәмиға» деп шақырады. Басқа намаздардан айырмашылығы айт намазында қосымша тәкбәрлер айтылады. Бірінші рәкағатта сәнә дұғасынан кейін үш тәкбірді имаммен бірге қайталайды. Әр тәкбірді айтқанда қолын көтеріп, қайта түсіреді, қолын түсірген кезде байлаудың қажеті жоқ. Әр тәкбірден кейін имам, өзіне ұйып тұрған кісілердің тәкбір алып болғанынша үнсіз тұрады. Осы аралықта «Субханалла, уәл хамду лиллә, уә лә иләһә иллалла» деп айтса да болады.

Екінші ракағатта зәм (қосымша қысқа сүре) сүресін оқып болғаннан кейін рукуғқа бармай тұрып, алғашқы ракағаттағыдай тағы да үш рет тәкбір алады. Сосын барып рукуғқа барады.

Ибн Масғұдтан (р.ғ.) айт намазының тәкбірлері сұралғанда, ол: «(Бірінші ракағатта) Құран оқығанға дейін (алғашқы тәкбірге үшеу қосып) төрт тәкбір айтасың. Одан кейін Құран оқисың. Оқып болған соң (тағы да) төрт тәкбір айтасың»,-деген.

Құрбан айт намазы мен ораза айт намазы бірдей оқылады, екеуінің айырмашылығы жоқ.

Айт намазының алдында нәпіл намазын үйде де, мешітте де оқу мәкруһ. Айт намазынан кейін мешітте нәпіл намазын оқу – мәкруһ. Ал үйде оқуға болады. Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айт намазынан бұрын да, кейін де басқа намаз оқымаған.

Айт намазынан кейін құтпа оқу – сүннет әрі ол жұма намазының құтпасымен бірдей. Бірақ айт намазында құтпаны намаздан кейін оқиды. Яғни имам айт намазын оқып болғаннан кейін, мінберге шығады да, отырмастан бірден құтпа айтуға кіріседі. Бірінші құтпаны тоғыз тәкбірмен, екінші құтпаны жеті тәкпірмен бастап, бас-аяғы он төрт тәкбірмен аяқтау сүннет.

Құрбан айт – діни мереке. Хадистерде жылдың ең қадірлі күні құрбан айттың алғашқы күні екендігі айтылған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл жайында: «Алла үшін күндердің ішіндегі ең ұлығы – Құрбан айттың бірінші және екінші күні», – деген. Құрбан айттың бірінші күнінің артықшылығы мен ерекшелігі сол күні Алла Тағаланың разылығына бөленуге сеп болатын ең маңызды амалдың істелетіндігінде.

Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Алла үшін (құрбандық ретінде) қан шығарудан ұнамды іс жоқ. Және ол (құрбан) қиямет күні алдынан шығады»,-десе, тағы бірде: «Адам баласы Құрбан айт күні қан шығарудан (құрбандық шалу) абзал амал арқылы Алла Тағалаға жақын болған емес. Құрбандық ретінде шалған малы қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай тұрып Алла Тағаланың құзырында ерекше жоғары дәрежеге жетеді. Сондықтан да шын жүректен әрі ризашылықпен құрбандарыңды шалыңдар»,-деп құрбандық шалудың қаншалықты сауапты іс екенін шегелеп айтқан.

Құрбан айт мерекесін қалай өткізген жөн

2016 жылдың 12 қыркүйек күні еліміздің барлық өңірлеріндегі мешіттерде Құрбан айт намазы оқылады. Сондай-ақ, осы айтулы күн Елбасымыздың жарлығымен демалыс күні болып бекітілді.

Құрбан айт күні жақсылап ғұсыл құйынғаннан (денені толықтай жуу) кейін әдемі, таза киімдерін киіп, үстіне хош иіс сеуіп, мешітке айт намазына бару – мұстахаб (жақсы амалдарға жатады). Абдулла ибн Амр әл-Астың (р.ғ.) айтуынша, бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Құрбан (айт) күнін мереке ретінде атап өтуге маған бұйрық келді. Бұл күнді Алла тұтас үмбет үшін мереке қылды», – деді. Осы кезде бір кісі: «Ей, Алланың Елшісі (с.ғ.с.)! Менде елдің аманат ретінде табыстаған малынан басқа мал жоқ, сол малдан бауыздауыма бола ма?»,-деп сұрады. Оның құрбан шалуға жағдайы жоқтығын ұққан Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Жоқ, шаш-тырнағыңды қысқартып, мұртыңды алып, ұятты жердің түгін алғаның да жеткілікті. Бұл сен үшін Алланың алдында құрбандық шалғанмен тең», - деді.

Айт намазын оқығаннан кейін құрбан шалу міндеттелген жандар құрбандықтарын шалып, етін тиісті адамдарға таратады.

Айт күні мұсылмандар көрші-қолаң, туыс-туғанды аралап, «Айт құтты болсын» айтысады. Айт күндері мейлінше көтеріңкі көңіл-күйде, жылы жүзді, кешірімді болуға тырысу керек. Ренжіскен кісілер қайта табысып, бір-бірін кешірген жөн. Ауырып жатқан кісілердің көңілін сұрап, арнайы бас сұғу, жетім, жесір, мұң-мұқтаждарға қол ұшын беріп, көмектесе алса көмектесу, оларға да айттың қуанышын сездіру өте сауапты істерге жатады. Бұған қоса, әке-шешесіне, отбасындағы жандарға, көрші-қолаң, жора-жолдастарына мүмкіндігінше кішігірім болса да сәлем-сауқат, сый-сыяпат жасап айт мейрамын ерекше өткізуге де болады. Айтта осындай амалдарды жасау қоғамдағы адамдардың бір-біріне деген ілтипаты мен сыйластықтарын барынша арттырады.

Құрбандық шалу

Құрбан – араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы: «Шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау». Олай болса, құрбандық шалуды тек мал сойып, қан шығару емес, Алланың рахым-мейіріміне қол жеткізудің бір жолы деп түсінген абзал.

Құрбан айт күндері (алғашқы үш күні) шалынатын мал «удхия» деп аталады. Қасиетті Құранда: «Мен жындар мен адамдарды (Мені танып), маған ғана құлшылық жасасын деп жараттым» (Зариат сүресі, 56-аят) деп білдірген. Демек, құлшылық жасаудың түп мәні – Жасаған Иенің жарлығына бағыну, разылығына ұмтылу, сауап жинау. Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, адалдығы, дінге бекемдігі, тақуалығы және басқаларға деген жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады.

Құрбан айт – Алла разылығы үшін мал шалынып, ақ түйенің қарны жарылатын күн. Қажылық өтеушілер Қағбаға жүзін қаратып, Арафатта жалбарынып, дұға қылады. Дүйім мұсылман баласы Пайғамбарлардың (ғ.с.) ісін қайта жаңғыртып, Алла жолында құрбандық шалу арқылы бір-бірін дінді берік ұстануға шақырады.

Құрбан айт күндері құрбандық шалудың үкімі

Ханафи мәзһабында қадірі асқан құрбан айт күндері мал-мүлкі жеткілікті болған мұсылман ер мен әйел кісінің құрбандыққа мал шалулары уәжіп. Алла Тағаланың Құран Кәрімде: «Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал» (Кәусар сүресі, 2-аят) деп бұйыруы, құрбан шалудың уәжіп екенін білдіреді. Мал-мүлкі жеткілікті бола тұра құрбан шалмаған мұсылманға Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сөгіс жариялаған хадисі негізге алынған. Абу Һурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Кімде-кім мүмкіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!» (Хаким, Мустадрак) деп айтқанын жеткізген. Әрине, бұндай қатаң ескерту, кем дегенде, құрбан шалудың уәжіптігін білдірсе керек. Хадис шәрифте дұрыс уақытта (айт намазынан бұрын) шалынбаған малдың орнына басқа құрбандықтың шалыну керектігі қатаң ескертілген. Анас (р.а.) Пайғамбардың (с.ғ.с.): «Кім құрбандығын намаздан бұрын шалып қойса, онда қайта шалсын»,-дегенін жеткізген (Сахих Муслим). Михнаф ибн Сулайманның риуаятында Алла Елшісінің (с.ғ.с.): «Ей, адамдар, әр отбасы жыл сайын құрбан шалуға тиісті»,- деген (Сунан ат-Тирмизи). Сондықтан ханафи мазһабының ғұламалары жоғарда келтірілген аят, хадистерге сүйене отырып, құрбан айт күндері құрбандық шалуды, уәжіп (міндет) деп тұжырымдаған.

Құрбан айт күндері құрбандық шалуды міндет (уәжіп) ететін шарттар:
 1. Мұсылман болуы;
 2. Азат болу;
 3. Тұрғылықты болу;
 4. Мал-мүліктің жеткіліктілігі; Мал-мүліктің жеткіліктілігі дегенде мұсылманның иелігінде пітір садақасын уәжіп ететін нисаптың бар болуы көзделеді.
 5. Ақылды және балиғат жасына толуы;

Құрбандық шалудың дұрыстығына қажетті шарттар:
 1. Құрбандыққа түйе, сиыр, қой, ешкі, секілді малдардың болуы. Бұл төртеуінен басқа жылқы және еті адал жануарлардың ешбіреуі құрбандыққа шалынбайды. Төртеуінің құрбандыққа ең абзалы – түйе, сосын ірі қара, сосын қой, кейін ешкі малы. Құрбандықтың дұрыстығы үшін бір қой не бір ешкі тек бір кісінің атынан шалынуы шарт. Ал түйе мен ірі қара малын жеті не одан да аз кісі бірігіп шалуларына болады. Бірақ жеті кісіден аспауы және жетеуінде де құрбандыққа шалу ниетінің болуы шарт.
 2. Малды құрбандық ниетімен шалуы міндет. Соғым не ет қажет ету ниетімен сойылған мал, құрбандықа жатпайды.
 3. Өкіл етушінің әмірі. Құрбандықты әркімнің өзі шалуы абзал саналса да өкіл арқылы шалуға да рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда мал иесі тарапынан өкілдің тағайындалған болуы әрі оған құрбандықты шалу әмірін беруі шарт.
 4. Мал жасының дұрыстығы. Түйе - бес жасар, ірі қара - екі жасар, ешкі - бір жастан асқан болуы шарт. Қой малының бір жасқа толмағанын шалса да болады.
 5. Құрбандық оны шалушы кісінің мүлкі болуы.
 6. Құрбандық малдың бойында жүдә кемістік болмауы. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Төрт түрлі мал құрбандыққа жарамайды: бір көзінің соқырлығы айрықша байқалатын мал, ауру-сырқауы айрықша байқалатын мал, ақсақтығы айрықша байқалатын мал, жілік майы үзілген жүдең мал»,-деген. Хадистегі «айрықша байқалатын» деген сөздің мағынасы мал бойындағы кемістіктің айрықша байқалатын мөлшерді құрамауын шарт қылып, азғантай мөлшердегі кемістіктің есепке алынбайтынын сілтейді. Себебі мал бойында мүлде мін болмауы мүмкін емес.
 7. Дұрыс уақытта шалынуы. Құрбан шалу уақыты Құрбан айт намазынан кейін кіреді. Құрбандықты айттың бірінші күні шалған абзал. Құрбан шалынатын мерзім бұдан кейінгі екі күнге жалғасып, соңғы күннің күні батуымен (ақшам намазы кіргенде) аяқталады. Құрбан шалуы уәжіп кісі белгіленген мерзімді өткізіп алса, мойнынан міндетті түсіру үшін құрбан шалудың орнына садақа беруі уәжіп.
 8. Құрбандықтың шалынуы. Құрбан шалудың орнына малдың өзін тірідей не құнын садақа етуге болмайды.

Құрбандық шалған кезде төмендегі абзал (мустахаб) амалдарға да назар аударған жөн:

Малды Құрбан айттан бұрын құрбандыққа дайындау. Құрбандық шалынатын жердің таза болуына көңіл бөлу. Құрбандық малын шалынатын орынға сүйретпей, ұрмай-соқпай әдеппен апару. Құрбандыққа малдың ең жақсысын таңдау. Малды құрбан шалушының өзі бауыздау. Құрбан шалушы кісі мал бауыздауды білмесе не әйел кісі болса, малды қинап қоймас үшін, бауыздау ісін басқа мұсылманға тапсырғаны абзал. Сондай-ақ өзінің құрбандығының қасында тұруы абзал. Құрбандық малын құбылаға қаратып, сол жағымен жатқызу және дұғасын айту. Құрбандық шалу кезінде хадистерде келген дұғаларды айту ұнамды іс (мұстахаб) саналады. Құрбандықты бауыздау сәтінде шартты (міндетті) түрде бисмиллә сөзі айтылады. Ал дұға бисмиллә сөзінің алдында, құрбандықты бауыздардан алдын не құрбандық бауыздалғаннан соң жасалады. Құрбан бауыздалып жатқанда бисмиллә сөзіне дүға қосып айту ұнамсыз (макруһ) амал саналады. Бауыздар алдын не бауыздаған соң айтылатын дұға, келесі хадисте келген бейнеде айтылуы абзал саналады. Жәбир ибн Абдулла: «Пайғамбар (с.ғ.с) құрбандыққа мүйізді, піштірілген, ноғала екі қошқарды құрбандыққа шалды. Ол екеуін құбылаға бағыттап, жатқызған соң: «Көктер мен жерді жаратқан Аллаға нағыз мұсылманша жүзімді жөнелттім. Мен Аллаға серік қосушылардын емеспін. Расында намазым, құрбандығым, өмірім және өлімім әлемдердің Раббысы Алла үшін. Оның серігі жоқ. Маған осылай істеуім бұйырылды және мен мұсылмандарданмын. Аллам бұл – Сенен және сен үшін. Бисмилләһи Аллаһу акбар»,-деді деген. Бұл дұғаны білмесе «Иә, Алла Тағалам, осы құрбандығымды досың Ибраһим мен сүйіктің Мұхаммедтен (с.ғ.с.) қабыл алғаныңдай, менен де қабыл ала гөр!» деп, яки осыған ұқсас дұға айтуға болады. Кейіннен «Аллаһу акбар!» және «Лә иләһа иллаллаһ» деп айтылады да «Бисмилләһи, Аллаһу акбар» деп оң қолымен бауыздайды. Малды бауыздайтын кісі бауыздарда білетұра, әдейі бисмилләһ деп айтпаса, ханафи мәзхабы бойынша ол малдың етін жеуге болмайды. Құрбан шалатын адам малды қинамай, өткір пышақпен жұмсақ бауыздауға көңіл бөлуі қажет. Малдың көзінше жалаңдатып пышақ қайрауға болмайды және бауыздалып, жаны әбден шыққаннан кейін ғана, малды сойған дұрыс. Құрбандық етінің үштен бірі пақырларға садақа етіліп, үштен бірінен туыстар мен таныстарға тағам әзірленіп беріліп, қалған үштен бірі отбасына қалады. Кімде-кім құрбандықтың етін толығымен садақа еткісі келсе, рұқсат етіледі.

Құрбандыққа қатысты ұнамсыз (макруһ) істер:

Құрбандыққа арналған малдың жүнін қырқу, сүтін пайдалану, құрбандыққа атаған малды сату, құрбандық малын міну, жүк тасуға пайдалану, жалға беру, бауыздалып, жаны әбден шықпай сою, құрбандықтың етін не жүнін не терісін сату, қасапшының жалақысын құрбандықтың етімен төлеу сияқты жоғарда аталған істердің барлығы харамға жақын макруһ амалдардан болып саналады.

Ташриқ тәкбірлері

«Ташриқ» деп, етті күннің көзіне жайып кептіруді айтады. Айттан кейінгі үш күнде құрбандыққа шалынған малдардың еттерін күнге кептіру әдетке айналғандықтан, бұл күндер ташриқ күндері деп аталып кеткен.

Алла Тағаланың: «Санаулы (ташриқ) күндері Алланы еске алыңдар!» («Бақара» сүресі: 203) бұйрығына байланысты ташриқ тәкбірін айту балиғатқа толған әр мұсылманға уәжіп. Ташриқ тәкбірлерінің уақыты ханафи мазһабында 9-шы зүл-хижжа Арафа күнінің таңында басталып, 13-ші зүл-хижжаның екінді намазымен (қыркүйек айының 11-і күні таң намазынан басталып, 15-і күні екінді намазынан кейін) шығады. Яғни 23 намаздың соңында айтылады. Ханафи мәзһабінің ташриқ тәкбірлерінің уақытына қатысты ұстанатын пәтуәсі – Әбу Юсуф пен Мұхаммадтің көзқарасына негізделеді. Жәбир (р.а.) былай деді: Алланың Елшісі (с.ғ.с.) Арафа күні таң намазын оқыған соң, сахабаларына бұрылып: «Орындарыңда қалыңдар!»-деді және: «Аллаһу әкбар. Аллаһу әкбар. Лә иләһа иллаллаһу Аллаһу әкбар. Аллаһу әкбар уа лиллаһил хамд» сөздерін айтты. Осылайша, Арафа күнінің таңынан (таң намазының парызынан кейін) соңғы ташриқ күнінің екінді намазына дейін тәкбір айтатын (Ад-Дарақутни жеткізді).

Ташриқ тәкбірін мейлі жамағатпен, мейлі жалғыз атқарылған әр парыз намазының артында ер адамдарға да, әйел кісілерге де бір мәрте айту уәжіп. Бұдан көбірек айту мустахап. Ер адамдар тәкбірді көтеріңкі дауыспен, ал әйел кісілер іштерінен айтады. Айт намазы мен үтір намазынан кейін айтылмайды. Сол секілді тұрғылықты кісіге де, жолаушы кісіге де парыз намазынан кейін ташриқ тәкбірін бір мәрте айту уәжіп. Намазға кешігіп қосылған кісі де өткізіп алған рәкәттәрін толықтырған соң тәкбір айтады. Ибн Омар мен Анас ибн Мәлик (р.а.) Арафа күні таң уақытында Минадан Арафаға барғанда, жолаушы бола тұра ташриқ тәкбірлерін айтатын (Әл-Байһақи жеткізді).

Ташриқ тәкбірінің бейнесі: «Аллаһу әкбар. Аллаһу әкбар. Лә иләһа илләллаһу Аллаһу әкбар. Аллаһу әкбар уа лилләһил хамд».

»32. Ал енді жалпы «Арафа» сөзінің мағынасына келер болсақ, «танысу» дегенді білдіреді. Яғни адамзаттың атасы Адам (а.с.) мен Хауа ананың жер бетіне түсіп, Арафат тауында табысқан күні. Зүлхижжа айының 9-шы жұлдызын Арафа күні дейміз. Бұл күні қажылық рәсімдерін атқарып жатқан жандар үшін Меккеден 20 шақырым жерде орналасқан Арафат тауында бір мезет болса да тұру парыз болып есептеледі. Қасиетті тауға аяғы тиген әр пенде Жаратқанға барынша жақындағандай, жүздескендей күй кешеді. Алла Тағала да олардың тілек-дұғаларын қабыл алады, күнәларын кешіреді делінеді.

Ал Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) бір хадисінде: «Қажылық дегеніміз – Арафат. Кімде-кім Арафатқа үлгерсе, қажылыққа үлгерген болады»,-деген. Демек, кімде-кім Арафат тауында бір сәт те тұрмаса, қажылық ғибадатын орындамаған болып саналады екен.

Арафа күнінен кейін, Зүлхижа айының 10 жұлдызында Меккеге барған тауапшылар (қажылар) қажылық парыздың соңғы міндетін – Құрбан айт мейрамының шарттарын орындауға кіріседі. Бұл күндері қажылармен бірге, бүтін мұсылман қауымы Алла разылығы үшін құрбандық шалады.

Сонымен қатар зүлхижжа айының алғашқы тоғыз күнінің артықшылығы жайлы Алла Елшісінің (с.ғ.с.) сөзінде былай деп баяндалған: «Алла Тағала ізгі амал істелген күндердің ішінде осы күндері (яғни, Зүл-хижжәнің алғашқы он күнінде) істелгенін ерекше жақсы көреді», - деп айтты. Адамдар: «Я, Расулулла (с.ғ.с.)! Осы күндерде істелген ізгі амал басқа күндері Алла Тағала жолында соғысудан артық болғаны ма?», - деп сұрағанда Расулулла (с.ғ.с.): «Адам баласы, Алла жолына өз жаны мен малын құрбан етіп, жан тапсырған болмаса, осы күндерде істелген ізгі амал басқа күндері Алла жолында күресуден артық болады», - деп жауап берді.» (Хадисті Ибн Аббастан (р.ғ.) имам Бухари риуаят етті.)

Құрметті мұсылман ағайындар! Осы хадисте баяндалғандай зүлхижжа айының алғашқы 9 күнінде ораза ұстайтын болсаңыз, үлкен сауап болатындығын ұмытпағанымыз жөн.

2016 жылдың Зулхижжа айының 9 күндік нәпіл оразасы
(Қостанай қаласы үшін)

Мезгілі 03.09 04.09 05.09 06.09 07.09 08.09 09.09 10.09 11.09
Сәресінің аяқталуы 05:04 05:06 05:09 05:11 05:13 05:15 05:18 05:20 05:20
Ауыз ашар уақыты 20:33 20:30 20:28 20:26 20:23 20:21 20:18 20:16 20:14

Ұлттар мен ұлыстарды мейірімділікке, игілікке, бірлікке үндейтін ұлық мереке – Құрбан айт мүбәрак болғай, ағайын. Жаратушы Иемізден отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, кәсіптеріңізге адалдық пен береке тілеймін. Жаратқан Иеміз құлшылықтарыңызды қабыл етіп, мақсат-мұраттарыңызды асыл еткей! Қасиетті орындарда қажылық парыздарын өтеу үшін жолға шыққан бауырларымызға дін аман елге оралуды жазғай! Алла Тағала күллі мұсылман үмметін жарылқап, асыл дініміз - Исламға күш-қуат бергей! Келе жатқан Құрбан айт мерекесі құтты болып, шалғалы жатқан құрбандықтарыңыз қабыл болғай! Әмин.

Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы
ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша өкіл имамы

08 06.16

Барша ғаламды жоқтан бар қылушы, бізге ризық-несібемізді беруші, нығметтерінің ең ұлысы Ислам, иман нығметтерін нәсіп қылушы және бізді мұсылмандардан етіп жаратқан Алла Тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын. Жаратушы Иеміздің соңғы елшісі, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммадқа (с.ғ.с.), оның отбасына, сахабаларына және соларға қияметке дейін ізгілікте ерген әрбір момын мұсылманға Алла Тағаланың салауаты мен сәлемдері болғай.

Таяуда Ақтөбе қаласында орын алған оқиғаның Ислам діні мен еш байланысы жоқ екені айдан анық! Олай дейтініміз мұндай іс-әрекеттерге дініндемізде өте қатаң түрде тыйым салынған. Сол тыйымдарға қатысты Алла Тағала өзінің Құран аяттарында былай деп баян етеді: «Ол өлім және өмірді сендердің қайсыларың амал етуде жақсырақ екенін сынау үшін жаратқан. Әрі Ол – әл-Азиз /аса Үстем/, әл-Ғафур /өте кешірімді/». (Мүлк сүресі, 2-аят). Аса ұлы Алла пенделерін жаратып, оларды осы дүниеге әкелді және оларға бұл өмірден басқа өмірге көшетіндерін хабарлады. Оларға бұйрықтар мен тыйымдар бекітті. Оларды Өз бұйрығын орындауға кедергі жасайтын көңіл құмарлықтарымен сынады. Сонда кім Алла Тағаланың бұйрығына бойұсынып, амал істеуде жақсы болса, Алла оның марапатын екі дүниеде еселеп береді. Ал кім құмарлықтарына еріп, оны қанағаттандыру үшін жолдан тайса, Алла Тағаланың бұйырғанын орындамаса, оған ең жаман қарымта бұйырады.

Алла Тағала өзінің Құран Кәрімінде былай деді: «Ақиқатында, Аллаға және Оның Елшісіне қарсы соғысатындардың әрі жер бетінде бұзғындық жасауға ұмтылатындардың жазасы – олардың өлтірілуі не керіп тасталуы, не қол-аяқтарының қиғашталып /оң қол мен сол аяқ, сол қол мен оң аяқ/ кесілуі немесе жер айдалуы. Бұл олар үшін осы өмірдегі қорлық. Ал соңғы мәңгілік өмірде /ақиретте/ оларға өте үлкен азап бар» (әл-Мәида сүресі, 33-аят). Ибн Касир (Алла оны рахымына бөлесін): «Алла Тағала жер бетінде бұзақылық жасауға және жер беті түзетілгеннен кейін оған зиян тигізетін нәрселерді жасауға тыйым салды. Себебі, әуелде дұрыс болған нәрсені бұзуда – жер бетіндегі пенделерге үлкен зиян алып келетіндіктен Алла Тағала бұған тыйым салды», - деді.

Сондай-ақ Алла Тағала Ағраф сүресінің 56-аятында: «Жер жүзі түзетілгеннен кейін бүлікшілік қылмаңдар», - деп бұйырды. Әл-Қуртуби бұл аятқа қатысты: «Алла Тағала жерге Елшілер жіберіп, кітаптарды түсіріп, шариғат орнатып, түзеткеннен кейін кез келген бұзақылық жасауға тыйым салды, және бұл (үкім) барлық адамға қатысты», - деген.

Осы баяндалған нәрселерге негізделе отырып, жоғарыда аталған құбылыстар, материалдық немесе өзге де мүдделер үшін жасалынып жатқан іс-әрекеттер қоғам үшін үлкен қауып қатер тудыратындығы белгілі. Өйткені, лаңкестік іс-әрекеттермен айналысып жүрген адамдар, қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға, мұсылман үмметінің тұтастығын жоюға және Жаратушы Иеміздің көрсеткен жолынан тайдыру үшін, барынша әрекет жасауда.

Кімде-кім қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндірген жағдайда: үйлерді, мешіттерді, мектептерді, ауруханаларды, көпірлерді, қару қоймаларын, сумен қамтамасыз ету көздерін және мұнай құбырларын немесе ұшақтарды жару яки басып алу және соған ұқсас іс-әрекеттер арқылы өзге адамдардың өміріне және жеке немесе қоғамдық мүлікке қарсы қастандық жасау жолымен лаңкестік іс-әрекетпен айналысып жүргендігі, немесе жер бетінде бұзақылық таратып жатқандығы айқындалған жағдайда, онда мұндай іске кінәлі адамдар қатаң түрде айыпталып, жазалануға әбден лайықты.

Демек басқа жазықсыз адамдардың өміріне зиян келтіру Исламға жат әрекеттер. Себебі Алла Тағала Мәйда сүресінің 32-аятында былай деген: «Кім кісі өлтірмеген не жер бетінде бұзғыншылық жасамаған бір адамды өлтірсе, шын мәнінде, ол адамдардың барлығын өлтіргендей болады». Абдулла ибн Амр (Алла олардың екеуіне де разы болсын), Алланың Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Мына төрт сипатқа ие болған адам шынайы екіжүзді болып табылады, ал олардың қандай да біреуімен ерекшеленетін адам одан құтылмайынша екіжүзділіктің бір сипатымен белгіленген болады. Оған өзін тапсырса – сатқындық жасайды, бірнәрсе туралы айтса – өтірік айтады, келісім-шарт жасасса - қиянат жасайды, біреумен жауласса – заңсыздықтар жасайды» (Имам Бухари).

Аллаға деген сенімі бар адам өмірдің қиыншылықтарын сынақ деп біледі. Сонымен қатар әрбір қиындықтан кейін жеңілдіктің келетініне сенеді, Құдайдан үмітін еш үзбейді де сабыр қылады.

Сөз соңында айтарым, құрметті мұсылман бауырлар! қоғамдық қауіпсіздікке сызат түсіру ісі көбінесе үмітсіздіктен, мақсатсыздықтан, келешекке сенімсіздіктен және жан тынышсыздығынан туындайды. Ал, жүрегі иманға толы жан қашан да мұндай дерттен аулақ болады. Қай уақытта да қиналған кісінің жанын түсінуге тырысып, құлазыған көңілдерге демеу болған жөн. Әсіресе, қазіргі таңдағы әртүрлі ағымдардың өршіп тұрған кезінде жақындарымыздың адасушыллыққа тап болуына жол бермей, төңірегіміздегі кісілерге қасиетті Ислам дінінің асыл құндылықтарын үйретуді міндет санап, әр қараңғы түнектен кейін жарық нұрдың және әр қиыншылықтан кейін бір жеңілдіктің келетіндігіне нық сену қажет. Алла Тағала аспанымызды ашық, еліміздің тұғырын биік, тәуелсіздігін баянды қылғай!

Тәжімбет Бақытбек Нұрғабылұлы,
ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша өкіл имамы

26 05.16

Барша ғаламды жоқтан бар қылушы, бізге ризық-несібемізді беруші, нығметтерінің ең ұлысы Ислам, иман нығметтерін нәсіп қылушы және бізді мұсылмандардан етіп жаратқан Алла Тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын. Жаратушы Иеміздің соңғы елшісі, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммадқа (с.ғ.с.), оның отбасына, сахабаларына және соларға қияметке дейін ізгілікте ерген әрбір момын мұсылманға Алла Тағаланың салауаты мен сәлемдері болғай.

Мұсылман қауымы үшін жылдың ең қасиетті әрі ерекше айы – рамазан айы. Биылғы жылы рамазан айы маусымның 6-нан бастау алады. Жыл сайын асыға күткен қасиетті рамазан айына жеткенімізге Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Барша мұсылман бауырларды рамазан айының келуімен құттықтаймын. рамазан айы барлық айлардың сұлтаны. Басқа айлармен салыстыра қарағанда рамазан айында мүміндерге ерекше мол сауап беріледі. Бұл айда ораза ұстаған адам жаны мен тәні тазаруы үшін жаман істер жасаудан тиылу қажет. Пайғамбарымыз да (с.ғ.с): «Рамазан келгенде жұмақтың қақпалары ашылып, тозақтың қақпалары жабылады әрі шайтан атаулының бәрі кісенделеді»-деген (Имам Бухари). Ұлы ғұлама ғалым Хафиз ибн Раджаб: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің сүйікті сахабаларын рамазан айының келуімен құттықтайтын»-деген. Бұдан байқайтынымыз адамдардың бір-бірін рамазан айының келуімен құттықтау, шариғатымызда құпталған амал екендігіне негіз болмақ. Салман Фариси атты сахаба (р.ғ.) былай дейді: «Алла Елшісі (с.ғ.с.) шағбан айының соңғы күндерінде айтқан құтбасында бізге былай деді: «Ей, адамдар, ұлы және қасиетті ай жақындады, төбелеріңе көлеңкесі түсті. Бұл айда мың айдан да қайырлы Қадір түні бар. Алла сол қасиетті айдың күндізінде оразаны парыз қылды, түндерінде нәпіл намазын заңды қылды. Бұл айда үлкенді кішілі жақсылық жасаған адам басқа айларда бір парызды орындағандай сауап алады. Бұл айда бір парызды орындау — басқа айлардағы жетпіс парыз болып есептеледі. Бұл  ай – Алла үшін аштық пен шөлдің, құлшылық пен тағаттың машақаттарына сабыр мен төзімділіктің айы. Сабырдың қайтарымы – жұмақ. Бұл ай – жәрдемдесу айы. Бұл ай – мүміндердің ризығын арттыратын ай. Бұл айда кім ораза тұтқан мүмінге аузын ашатын бір нәрсе беретін болса, жасаған бұл  ісі күнәларының кешірілуіне және тозақтан құтылауына себеп болады. Ораза тұтқан адамның сауабы азаймастан соның алатындай сауабына ие болады»,- деді. Иә, осындай нығметтер жасырынған айдың қадірін біліп, әрбір сәтінен құр қалмау үшін мүмін барын салады. Сондықтан да Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Егер адам баласы рамазан айының не екенін лайықты түрде түсіне білсе, бір жылдың бастан-аяқ рамазан болуын қалар еді»,-деген.

Бұл ай жылына бір рет келетін зор мүмкіндік. Сондықтан ғибадат айында ерекше рухани атмосферада іс-амалдарды електен өткізіп, иманды жаңартуға, ізгілік істер арқылы жүректі жұмсартуға тырысу қажет. Ал осы бір мүмкіндікті кәдеге жарата алмау нағыз немқұрайлылықты білдіреді. Алла Тағала адам баласының сенімін арттырып, еркіндікті сезінуге, өзіне-өзі бақылау жасауына және нәпсісін тыю үшін осы рамазан айында ораза тұтуды парыз етті. Себебі, тиісті міндеттерді дұрыс орындау арқылы ауыз бекіткен кісі, өзін-өзі тәртіпке шақырып, харам істерден тыйылады. Нәтижесінде, ондай адам жиіркенішті әрекеттерден арылып, жақсылыққа бет бұрады.

Исламның бес парызының бірі – рамазан айында ораза тұту. Сондықтан да дінімізде оған ерекше мән беріледі. Себебі, ол сенімнің бір бөлігін құрайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Ораза – шыдамның жартысы, ал шыдам - сенімнің жартысы»-деген. Оразаны басқа ешқандай құлшылықтармен салыстыруға болмайды. Өйткені, Алла Тағала пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.): «Адамның барлық жақсы, хайырлы істерін Алла он есе, тіпті одан да жоғары бағалайды. Бірақ ораза не үшін тұтылған болса, сол үшін сауабын, сыйын молынан беремін»-деп айтқаны белгілі. Сондықтан ораза қарсаңында алғаш ауыз бекіткісі келетін бауырларымызға тағы да Алла Тағаланың осы бір үкімін естеріне сала кеткім келеді.

Алла Тағала оразаны бұрын өткен Пайғамбарлардың (ғ.с.) қауымдарына парыз еткеніндей, пайғамбарымыз Мұхаммадтың (с.ғ.с.) да үмбетіне, яғни біздерге де рамазан айында 30 күн ораза ұстауды парыз етті. Бұған байланысты Құран Кәрімде былай делінген: «Ей, иман келтіргендер! өздеріңнен бұрыңғыларға ораза ұстау міндет етілгендей, сендерге де ораза тұту парыз етіледі. Мүмкін тақуалыққа қол жеткізерсіңдер» (Бақара сүресі, 183 аят).

Енді осы айдың туғанын көре тұра оразаға кіріспеген жан күнәһар болып есептеледі. Өйткені ол Алла Тағаланың әмірін орындамай, оған жүрдім-бардым, салғырт қараған. Ал мұндай жүгенсіздік Жаратушы Хақ Тағаланың ашу-ызасын тудырып, қаһарына ұшырауға себеп болуы ықтимал. Өйткені аталмыш аятта иман келтірген әрбір жаннан егер сол айға аман-сау жетсе, ораза тұту талап етілді. Ал Алланың әмірін екі етуге болмайды. Дініне салғырт-салақ болып, соның себебінен ғибадаттан, Раббының рахымына жеткізетін үлкен нығметтерден мақұрым қалып жүрген мұсылмандарды Жаратқан Ие тура жолға бастасын.

Ораза алғаш рет қай уақытта парыз болды

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) және мұсылмандардың Меккеден Мединеге көшуін «хижра» деп атайды. Осы жылдан бастап мұсылмандардың – хижра жыл санауы бастау алады. Сол хижраның 2 жылы Шағбан айының соңғы күнінде Алла Тағала мұсылмандарға рамазан айында ораза тұтуды парыз етті. Сол уақыттан бастап, барша мұсылман қауымы жыл сайын рамазанда бір ай бойы ораза тұтып келеді.

Ораза тұтатын айды толық түсіндіріп, баяндау үшін, Алла Тағаладан мына аят нәзіл болды: «/Сендерге/ санаулы күндерде /ораза тұту міндеттелді/. Ал сендерден кім ауырып қалса не жолаушы болса, онда /ұсталмай қалған оразаның қазасын/ басқа күндерде өтесін. Ораза тұтуға қиналатындар /қарт кісілер, жазылмайтын ауруға шалдыққандар/ фидия ретінде бір міскінді тамақтандырсын. Ал кім /өз еркімен/ қосымша бір жақсы іс жасаса, ол өзі үшін хайырлы. Егер білсеңдер ораза ұстағандарың өздерің үшін қайырлы. Рамазан айы сондай ай, онда адамдар үшін басшылық әрі тура жол және ақиқат пен жалғанды ажыратудың анық дәлелдері ретінде Құран түсірілген. Сендерден кім бұл айда болса, ораза ұстасын. Ал кім ауырып қалса немесе жолаушы болса онда /ұсталмай қалған оразаның қазасын/ басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік қалайды, Ол сендерге қиыншылық қаламайды. Әрі санын толтырыңдар және Алланы ұлықтаңдар – сендерді тура жолға салғаны үшін және шүкір етулерің үшін». ( Бақара сүресі, 184 аят)

Оразаны парыз ететін шарттар:

Рамазан айындағы оразаның үкімі - парыз айн (адамның жеке өзіне міндет болған парыз).

1. Мұсылман болу. Ораза ұстау – мұсылман болған әр ер адамға, әр әйел кісіге парыз.

2. Балиғатқа толу. Балиғат жасына толмаған сәбиге оразаның парыздығы міндеттелмейді.

3. Ақыл-естілік. Есі оралмайынша, жындыға, жарымеске, мас адамға, комадағы кісіге ораза парыз емес.

Оразаны атқаруға қабілетті қылатын шарттар:

1. Денсаулық. Науқас кісіге ауырған күндері, ораза кезінде жүкті немес емізіп жүрген нәрестелері бар әйелдер және жолаушыға сапар күндері ораза ұстамаулары рұқсат етіліп, кейін жағдайлары жеңілдегенде сол күндердің қазасын өтеулері – парыз. Жалпы ауру-сырқаты жазылмайтындар, денсаулығы ауыз бекітуді көтермейтін, жасы келген қарттар – ораза ұстамаса да болады, бірақ олардың дәулеті жеткілікті болса, тұтпаған оразасына фидия береді. Фидияның мөлшері Құран Кәрімде былай деп баян етілген: «Шамасы келмейтіндер /қарт кісілер, жазылмайтын ауруға шалдыққандар/ ораза ұстамаса, бір кедейдің бір күн тоятындай тамағын беріп тұруына болады. Ал оны белгілеген мөлшерден артық беретіндері болса, өзі үшін жақсы» (Бақара сүресі, 184 аят).

Өйткені, өмірлік жазылмайтын ауруға душар болған кісілер және ауыз бекітуге шамасы жоқ қарттар оразаның қазасын өтемейді. Егер дәулеті болмаса, фидия да төлемейді. Ханафи мазһабының негізін салушы Имам Ағзам Әбу Ханифа былай деген: «Оразаның абзалы – кісінің өзіне зиян тимеуі».

2. Тұрғылықты болу.

3. Әйел кісінің хайыз бен нифастан тазаруы. Бұл күндері атқарылмаған намаз бен оразаның айырмашылығы – намаздың қазасы өтелмейді, ал оразаны өтеулері – парыз.

Оразаның дұрыстығына қажетті шарттар

1. Ниет.

2. Оразаның бұзылмауы.

Біле тұра жеп-ішпеу. Ұмытып жеп-ішкен кісінің оразасы бұзылмайды.

Біле тұра жұбайына жақындаспау. Кім бұны ұмытып істеп қойса, оразасы бұзылмайды.

Өзін-өзі құстырмау. Құсық өзі келсе, ораза бұзылмайды. Алайда кім өздігінен келген құсықты біле тұра жұтса, мысалы, адамдардан ұялғанынан жұтса және құсық ауыз толтырарлық көлемде болса, онда оразасы бұзылып, кейін сол күннің қазасын өтейді.

3. Негізсіз болмауы.

Кәпір кісінің ораза ұстауы негізсіз.

Етеккір не нифас күйдегі әйелдің ораза тұтуы негізсіз.

Оразаның мұстахабтары (әдептері)

Мұстахаб дегеніміз істесе сауап таптыратын, істемесе күнәсі жоқ амалдар. Олар мыналар:

1. Сәресі. Таң қараңғысында ниет етіп, дәретін алып, сәресіге тұру. Оның уақыты: түн жарымы ауғаннан таңсәріге дейін. Пайғамбарымыз бұл жайында:

«Сәресіге тұрыңдар! Шынында, сәресі ішуде көп береке бар»-дегн, яғни ниет етіп, сәресіге тұру мол сауапқа кенелтеді.

2. Ауыз ашуға асығу. Ораза тұтқан кісіге күн батқаннан кейін немесе ақшам намазының азаны айтылғаннан кейін бірден ауыз ашу сауапты іс. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде былай деген: «Ораза тұтқан кісі мүмкіндігі болса, аузын құрмамен, болмаса таза сумен ашсын». Демек, құрма табылған жағдайда құрмамен ауыз ашқан сауаптырақ болады.

3. Күнделікті ауыз ашқан кезде және ораза айы бойы тілек-дұғалар жасау. Бұған байланысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әлбетте, ораза тұтқан кісінің ауыз ашқандағы дұғасы (тілегі) қайтарылмайды, яғни тоқтаусыз қабыл етіледі»-деген.

Оразаны бұзатын істер

1. Күндіз ораза ұстап жұргенін біле тұра себепсіз тамақ ішіп, жеу.

2. Күндіз еркек пен әйелдің жақындасуы. Егер кімде-кім ораза екенін біле тұра күндіз себепсіз әдейі ішіп-жеп немесе жыныстық қатынас жасайтын болса, оған айып ретінде кәфарат төлеу немесе ораза қазасын екі есе өтеу міндеттеледі. Кафаратты өтеу үшін бір құлды азат ету немесе алпыс міскінді тойдыру не екі ай бойы ораза тұту қажет.

Ал, кімде-кім ораза уақытында ораза екендігін ұмытып, білместікпен күндіз тамақ ішіп-жеп қойса, оған қазасын өтемейді және кәфаратын төлемейді. Бұл турасында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Кімде-кім ораза екендігін ұмытып, ішіп-жеп қойса, Алла Тағаланың ол кісіні тамақтандырғаны». Ішіп-жеп қойған соң ораза екені есіне түскен кісі, оразасын одан әрі жалғастыруы қажет.

Егер кімде-кім жүрегі айнып, лоқсып құсса немесе байқаусыздан аузына бір нәрсе кіріп кетсе (мысалы: дәреттің суы, шыбын-шіркей) т.б. бірақ тек үзірмен оразасын тоқтатпастан жалғастыра береді.

Оразаның артықшылығы

1. Рамазан – сынақ айы. Адам баласы бұл айда өз нәпсісін тыйып, жаман нәрседен, яғни ғайбат сөйлеуден, ауыр күнә жасаудан, жала жабудан аулақ болып, жақсы нәрселерге, яғни өзін сабырлыққа, шыдамдылыққа, тақуалыққа тәрбиелеуі керек. Ораза адам баласы мен Ұлы жаратушының арасындағы сыр. Кісінің ораз тұтып жүргені бір Аллаға ғана аян. Сондықтан Исламда иманның, сенімнің жоғары тұратындығы осыған дәлел. Әлдебіреу ораза тұтқан адамның көңіліне тиіп, балағаттаса, ауыр сөз айтып, қол жұмсағысы келсе, әлгі аузы берік кісі: «Мен оразамын»,-деп үш мәрте айтуы керек. Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) бір кісі келіп: «Ей Алланың Елшісі (с.ғ.с.)! Маған айтыңызшы, қай амалды істесем, жұмаққа кіремін?»-деп сұрапты. Сонда Алланың Елшісі (с.ғ.с.): «Оразаң сені алып кіреді»-деп жауап береді. Әлгі кісі Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп, тағы да әлгі сұрақты қойған уақытта жоғарыдағы жауабын қайталапты.

2. Рамазан – кешірім айы. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Кімде-кім ауыз бекітсе, Алла Тағала оның істеген күнәларын кешіреді»-деген. Сондықтан да Алла Тағала бұл айдың бір түнін қасиетті де қадірлі етті. Рамазан айының 26-сынан 27-сіне қараған түні Алла Тағаладан алғаш рет Құран аяттары түсті. Сол себепті бұл түн «Қадір түні» деп аталады. Ол түннің игілігі мың айдан да артық. Ол түнде Алланың әмірімен бүкіл періштелер және Жәбірейіл періштенің өзі де жерге түседі. Ораза тұтып, Жаратушы Жаббар Иесін еске алғандардың барлығының тілектерін Алла Тағала қабыл етіп, сол түні таң атқанша Алланың пенделеріне сыйлаған сәлемі, бибітшілігі, тыныштығы жалғасады. Бұл жайт Құран Кәрімнің Қадір сүресінде кеңінен баяндалған.

3. Рамазан – тақуалық айы. Оразада адам дене қалауларын тәрбиелеп, нәфсінің құлы болып кетуден өзін азат етеді. Ауызды астан ғана емес, жаман сөздерден, ғайбаттан тыйса, көзді харамға қараудан, құлақты харам нәрселерді естуден тыяды. Көп ұйқы мен көп тамақтану иманның әлсіреуіне алып келеді. Тамақты қажетті мөлшерінен асырып жеу – адамның зейінін бұзады, ар-Рахманға бойұсынуда денені ауырлатып, адамдағы шайтанның жолдарын азықтандырады. Сондықтан, ораза ұстаған адамның әрі денесі, әрі рухы тынығады. Ең бастысы адамның қас дұшпаны болған нәфсіні тазартып, Раббысына жақындай түседі.  Себебі, адам үшін ең ұлы күрес – ол нәфсімен болатын күрес екенін Алла елшісі де (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ескертіп кеткен еді. Нәфсіге тойтарыс беріп, көркем мінезділікке, тақуалыққа қадам басу – мүміннің жеңісі болмақ. Сондықтан да, біз қадірін түсінгенше зулап өте шығатын Рамазан айындағы зор нығметтерден құр қалмайық, ағайын! Алла Тағала Рамазанның әрбір сәтінен өз үлесімізді алып, жұмақ қақпаларынан жүзіміз жарқын боп кіруді нәсіп еткей!

Олай болса, қадірменді мұхтарам жамағат Алла Тағала алдымызда келе жатқан мүбарак Рамазан айын және ұлық Қадір түнін баршамызға құтты қылып, Осы айды Алла разылығы үшін тағат-ғибадатпен өткізуді шын жүрегімізден ынталандырсын. Еліміз көркейіп, дініміз марқая берсін!

Тәжімбет Бақытбек Нұрғабылұлы,
ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша өкіл имамы

 

 

 

ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН ОРАЗАСЫ МЕН НАМАЗ УАҚЫТТАРЫНЫҢ КЕСТЕСІ
2016 жыл – хиджри 1437 жыл
(Қостанай қаласы үшін)

Маусым, шілде Рамазан айы Апта күндерi Сәресінің уақыты Таң намазы Күннің шығуы Бесін намазы Екiндi намазы Ақшам намазы (Ауыз ашар уақыты) Құптан намазы
6 1 Дүйсенбі 2:00-3:11 03:21 05:21 13:45 19:23 22:08 00:08
7 2 Сейсенбі 2:00-3:10 03:20 05:20 13:46 19:24 22:09 00:09
8 3 Сәрсенбі 2:00-3:10 03:20 05:20 13:46 19:24 22:10 00:10
9 4 Бейсенбі 2:00-3:09 03:19 05:19 13:46 19:25 22:11 00:11
10 5 Жұма 2:00-3:09 03:19 05:19 13:46 19:25 22:12 00:12
11 6 Сенбі 2:00-3:08 03:18 05:18 13:46 19:26 22:12 00:12
12 7 Жексенбі 2:00-3:08 03:18 05:18 13:47 19:26 22:13 00:13
13 8 Дүйсенбі 2:00-3:08 03:18 05:18 13:47 19:27 22:14 00:14
14 9 Сейсенбі 2:00-3:08 03:18 05:18 13:47 19:27 22:14 00:14
15 10 Сәрсенбі 2:00-3:08 03:18 05:18 13:47 19:27 22:15 00:15
16 11 Бейсенбі 2:00-3:07 03:17 05:17 13:47 19:28 22:15 00:15
17 12 Жұма 2:00-3:07 03:17 05:17 13:48 19:28 22:16 00:16
18 13 Сенбі 2:00-3:07 03:17 05:17 13:48 19:28 22:16 00:16
19 14 Жексенбі 2:00-3:07 03:17 05:17 13:48 19:29 22:16 00:16
20 15 Дүйсенбі 2:00-3:08 03:18 05:18 13:48 19:29 22:17 00:17
21 16 Сейсенбі 2:00-3:08 03:18 05:18 13:48 19:29 22:17 00:17
22 17 Сәрсенбі 2:00-3:08 03:18 05:18 13:49 19:29 22:17 00:17
23 18 Бейсенбі 2:00-3:08 03:18 05:18 13:49 19:29 22:17 00:17
24 19 Жұма 2:00-3:09 03:19 05:19 13:49 19:30 22:17 00:17
25 20 Сенбі 2:00-3:09 03:19 05:19 13:49 19:30 22:17 00:17
26 21 Жексенбі 2:00-3:10 03:20 05:20 13:49 19:30 22:17 00:17
27 22 Дүйсенбі 2:00-3:10 03:20 05:20 13:50 19:30 22:17 00:17
28 23 Сейсенбі 2:00-3:11 03:21 05:21 13:50 19:30 22:17 00:17
29 24 Сәрсенбі 2:00-3:11 03:21 05:21 13:50 19:30 22:16 00:16
30 25 Бейсенбі 2:00-3:12 03:22 05:22 13:50 19:30 22:16 00:16
1 26 Жұма 2:00-3:13 03:23 05:23 13:51 19:30 22:16 00:16
2 27 Сенбі 2:00-3:13 03:23 05:23 13:51 19:29 22:15 00:15
3 28 Жексенбі 2:00-3:14 03:24 05:24 13:51 19:29 22:15 00:15
4 29 Дүйсенбі 2:00-3:15 03:25 05:25 13:51 19:29 22:14 00:14

ЕСКЕРТУ:

 • Биыл, яғни 2016 жылы мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша Қасиетті Рамазан айы 29 күн.

 • 6-маусым қасиетті Рамазан айының 1-ші жұлдызы.

1. Сәресі ішу таң намазына 10 минут қалғанда тоқтатылады.

2. Шілденің 1-нен 2-не қараған түн (26-27 Рамазан) қасиетті – Қадір түні.

3. Ауызды ақшам намазының уақыты кіргенде құрмамен немесе сумен және т.б.тағаммен ашу керек.

4. Тарауих намазы 5-маусымнан бастап, жасиқ намазынан кейін оқылады, одан кейін үтір уәжіб намазы жамағатпен оқылады.

5. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен бастап, айт күніне дейін беруге болады. Биылғы жылы Қостанай облысы бойынша пітір садақасының құны – 200 теңге.

6. 5-шілде сейсенбі күні – Ораза айт мейрамы басталады. Айт намазы Қостанай қаласында сағат 07:00-де оқылады.

7. Оразаға ниет: «Алла Тағала үшін мүбарак рамазан айының оразасын таңнан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім».

8. Ауыз ашар дұғасы: «Жаратқан Ием Сен үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризық несібеңмен ауыз аштым. Иә, кешірімді Алла! Менің алдынғы және соңғы күнә кемшіліктерімді кешіре гөр!»

11 05.16

Алланың қалауымен биылғы жылдың 8-мамырынан Шағбан айы басталды. Шағбан айы көптеген қасиеттерді өз аясында қамтыған құлшылық айы. Алла Тағаланың пенделеріне деген ризық-несібесін молайтатын ай. Жақсылық атаулы бүршік жарып, береке біткен артып, ғибадат-құлшылықты жан-тәнімен атқарушылардың қателіктері кешіріліп, күнәларынан арылатын ай.

«Көптеген жақсылықтардың бастауы» деген мағынаға ие «шағбан» сөзімен аталған қасиетті ай, Ережеп айының бітуінен хабар беріп, Рамазанның жақындағанын сүйіншілейді. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Ережептен кейінгі кезекте Шағбан айына ерекше көңіл бөлген. «Алла Тағалам, Ережеп пен Шағбан айларын берекелі ете гөр. Бізді Рамазанға аман-есен жеткіз»,-деген дұғасын жиі айтатын. Қасиетті Шағбан айына белгілі бір дайындық жасаудың мәні зор. Өйткені, Әбу Умәмә әл-Бәһилиден (р.а.) жеткен хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Шағбан айы кіргенде, өздеріңізді тазалаңыздар және ниеттеріңізді дұрыстаңыздар»,-деген. Бұл айдағы сауабы көп құлшылықтың бірі − ауыз бекітіп, нәпіл ораза ұстау.

Айша (р.а.) анамыз айтады: «Расулуллаһтың (с.ғ.с.) бірінің артынан бірін ұстаған оразасына қарап, енді ораза ұстауын тоқтатпайды деп ойлайтынбыз. Ал оразаны бірінің артынан бірін ұстамаған кездері, енді Ол оразаны ұстамайтын шығар деп ойлайтынбыз. Ол шағбан айында ораза ұстағанды ұнататын. Мен: «Ей Алланың Елшісі, Сенің шағбанда көп ораза ұстайтыныңды байқадым. Осының сыры неде?»-деп сұрадым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Я, Айша! Бір жыл ішінде қайтыс болатын адамдарыдың есімдері шағбан айында жеке дәптерлерінен өшіріліп, Азрайылға тапсырылады. Сондықтан оразалы күйімде есімім бір дәптерден өшіріліп, екіншісіне жазылуын қалаймын. Осы себептен шағбан айын жақсы көремін»-деп жауап берді.

Шағбан айында мұсылманның иманы толысып, кемелденеді. Әрі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл айды ерекше ұнатып, осы айды ораза ұстаумен өткізетін. Демек, бізге де осынау мүбарак айда шама-шарқымызға қарай ораза ұстауға талаптанғанымыз абзал екен. Усама ибн Заид (р.ғ.) риуаят етеді: «Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.): «Я, Алланың Елшісі, айлардың ішінде шағбан айында көбірек оразада болғаныңды көремін»-дедім. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Осы айдан пенделердің көбісі ғапыл. Бұл ай – Ережеп пен Рамазанның ортасындағы ай. Шағбанда амалдар Алла Тағаланың хұзырына келтіріледі. Сондықтан амалымның оразамен көтерілгенін қалаймын»-деді.

Алайда Шағбан айының оразасын шамасы жеткендер ғана тұтқаны абзал. Егер Шағбан айында үздіксіз ораза тұтып, Рамазан айындағы парыз оразаға шамасы келмей қалуынан сезіктенген адам болса, ол адамға Шағбан айында ораза тұтудың қажеті жоқ. Өйткені Шағбан айындағы ерікті оразадан Рамазан айындағы парыз ораза маңызды. Сондықтан да Пайғамбарымыз (оған Алланы игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарды Рамазан айына екі- үш күн қалғанда ораза ұстаудан тыйған. Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын): «Шағбан айының бірінші жартысы өткен соң ораза тұтпаңдар»,- деген Пайғамбарымыздың сөзін жеткізеді.

Шағбан айының тағы бір қасиеті, осы айдың орта шеңінде ұлық бір түн бар. Ол – мамыр айының 21-нен 22-не қараған мүбарак Барағат түні. Себебі бұл түні мұсылмандарға рахмет, берекет, жақсылық, кешірім және мағфират жауады.

Али бин Әбу Талибтен (р.ғ.) риуаят етілген бір хадис шәрифте былай делінген: «Алла Тағала шағбанның он бесінші түні дүние аспанына түседі. Мыналардан өзгенің бәрінің күнәлары кешіріледі. Кешірімнен тыс қалғандар: мүшрік, мұнафық, туысымен қарым-қатынасын үзген және зинақор әйел».

Алла Тағаланың «дүние аспанына түсуі» деген сөзі, Оның рахметі мен берекетінің, қайыр мен нығметінің түсуі. Көк есіктерінің ашылуы, дұғалардың дереу қабыл болуы әрі құлдарына рахым мейірімімен қарауы. Өйткені Алла Тағалаға мекен тағайындау дұрыс емес.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мүбарак сөздерінде: Жәбрәйілден (ғ.с.): «Бұл түні мына есіктер қашанға дейін ашық тұрады?»-деп сұрағанымда Жәбрәйіл (ғ.с.): «Таң атқанша»,-деді де: «Я, Мұхаммед! Алла Тағала осы түні тозақтан құтқаратын құлдарының саны Бәни Кәлб руының қойларының жүндерінің санындай (Яғни, кейбіреулерден басқа, барлық мұсылмандар кешіріледі)»-деді. Қалб тайпасы – көп қой өсіруімен танылған тайпа болатын. Сол себепті де хадисте осы түні көптеген адамдардың Алланың кешірімі мен рақымына ие болатыны айтылған.

Бұл түні не істеу қажет?

Бәрат түнін дұрыс қарсы алу үшін, бұл түнді ұйқысыз өткізген абзал. Егер кімде кімнің шамасы жетсе, бұл түнді тек құлшылықпен өткізгені жақсы. Алайда кімнің бұған шамасы жетпесе, ол адам осы түннің кез келген бөлігін құлшылыққа арнай алады. Құлшылыққа түннің екінші бөлігін арнап, мына ғибадат түрлерін атқарса болады:

- Намаз. Намаз – осы түнде атқарылатын ең абзал құлшылықтың бірі. Намаз ракағатының белгіленген саны жоқ, алайда ракағат саны сегізден кем болмауы тиіс. Сондай- ақ әр намаздағы рукуғ, қиям, сәджеде ұзағырақ болғаны абзал. Намазда Құраннан ұзақ аяттар оқылғаны жақсы. Егер кімде кім ұзақ сүрелерді есіне түсіре алмайтын болса, бір ракағатта қысқа бір сүрені бірнеше рет қайталауына да болады.

- Тиләуәт. Қасиетті Құранды оқу – осы түні атқарылар пайдалы құлшылықтың түріне жатады. Намаз оқып болған соң, я болмаса басқа уақытта шамаңыз жеткенше Құран оқыңыз.

- Зікір. Бұл түнді зікірге арнаған өте жақсы. Әсіресе Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айту. Сондай- ақ зікірді жүріп бара жатқанда, төсекте жатып және де жұмыс уақытында немесе жұмыстан тыс уақытта да оқуға да болады.

- Дұға. Бұл түні бізге көп пайда әкелетін ғибадаттың бірі. Осы түні Алла Тағала дұғамызды қабыл етеді деген үміт бар. Дұға – ғибадат. Алла Тағала жасаған әрбір дұға үшін сұраушының мұқтаждығын өтеп қана қоймай, сауап та жазады. Тіпті сұраған нәрсесі қол жетімсіз болса да, ол адам жасаған дұғасы үшін сауаптан құр қалмайды. Сонымен қатар дұға барлық ғибадаттың өзегі болып табылатын Алла мен адамның байланысын арттырады. Адам баласы қалағанынша, кез келген түрде дұға ете алады, алайда ең жақсы дұға – Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дұғалары. Бұл дұғалар шебер сөздерімен пенденің бұл өмірдегі әрі ақыреттегі барлық мұқтаждығын қамтиды. Расында да Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дұғасы соншалықты терең мағыналы, тіпті пенденің оған баға беруге шамасы жетпейді.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дұғасы жайлы көптеген кітаптар әр тілде жарық көрген. Мұсылман адам Алла Тағалаға сол дұғалар арқылы, араб тілінде я болмаса өз ана тілінде сол дұғалардың мағынасын айта отырып жалбарынуы керек.

- Нәпіл намазды я болмаса Құранды белгілі себептерге байланысты оқи алмаған адамдар болса (ауру, әлсіздік немесе шұғыл тірлігі бар болса). Ол кісілерге осы берекелі түннің сауабынан құр қалмас үшін төмендегі амалдарды орындауды ұсынамыз:

1. Ақшам, құптан және таң намаздарын мешітте, егер сырқат болып, шамасы жетпесе үйінде оқысын.

2. Үнемі зікір айту, әсіресе салауат. Кез келген халде, адам ұйықыға кетпейінше зікірде болуы тиіс.

3. Алладан кешірім тілеу. Мұны төсекте жатып та сұрауға болады.

- Әйел адамдар етеккір кезінде намаз бен Құран оқи алмайтындықтан, олар кез келген зікірді айтып, тасбих тартып, салауат айтуы керек. Сонымен қатар Құран мен хадистерде келген араб тіліндегі дұғаларды дұға ету ниетімен оқи алады.

- Сенімділігі әлсіз хадиске сәйкес, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы түні Бақый қорымында болып, сол жерде жерленген мұсылмандарға дұға еткен деп айтылады. Осыған негіздеп кейбір фақиһтар осы түні қорымға барып, ол жердегілерге «Фатиха» сүресін я болмас Құраннан аяттар оқуды ұнамды іске жатқызған. Алайда бұл амал міндетті емес әрі мұны парыз амалдың дәрежесіне көтерудің қажеті жоқ.

Жоғарыда атап айтылғандай Бараат түні – мұсылмандар үшін ерекеше түн. Сондықтан да осы түнді Аллаға толықтай мойұсынған күйде өткізу қажет. Әрі Алланың алдында ұнамсыз амалдардан тиылу қажет. Дегенмен әрбір мұсылман әр кезде күнәлі істерден аулақ болуы қажет. Осындай түндері күнәлі іс жасау үлкен қылмыс әрі Алла Тағалаға бойұсынудан бас тартқандық болып саналады. Мұндай амал Алланың қаһарына ұшыратады. Сондықтан да барынша күнәлі істерден тиылуымыз қажет, асылында осы түнгі жасалған күнәлар бұл түннің барлық нығыметінен құр қалдырады.

Шағбан айының (13, 14, 15) күндері ораза ұстаудың сауабы зор. Бұл күндер «Аямул байд» яғни ақ күндер деп аталады. Хижри жыл санау бойынша әр айдың ортаңғы күндері ораза ұстау қажет. Себебі бұл күннің түндерінде ай толықсып, түнді нұрға бөлеп тұрады. Бұл күндері ораза ұстаған адамның жүрегін Алла Тағала дүние қараңғылығынан ағартады. Сол үшін де Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Шағбан айының ортасының түні болғанда күндізінде ораза болып, түнінде намазға тұрыңдар»,-деді.

Олай болса, қадірменді мұхтарам жамағат Алла Тағала алдымызда келе жатқан Мүбарак Шағбан айын және ұлық Барағат түндерін баршамызға құтты қылып, Осы айды Алла разылығы үшін тағат-ғибадатпен өткізуді шын жүрегімізден ынталандырсын. Еліміз көркейіп, дініміз марқая берсін!

Шағбан айындағы нәпіл ораза ұстайтын күндердің сәресі және ауыз ашар уақыттарының кестесі:

Мезгілі 20.05.2016 21.05.2016 22.05.2016
Сәресінің аяқталуы 03:27 03:25 03:25
Ауыз ашар уақыты 21:55 21:57 21:57

Ескерту: Аталмыш уақыттар Қостанай қаласының координаттары бойынша берілді.

Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы
ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша өкіл имамы

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником